26.10.2015

Үстелді теннис бойынша турнирде қатысу

2015 жылғы 24 қазанда «Sport City» спорт-орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылуына 20-жылдығына арналған үстелді теннис турниріне қатысты.

Жарысқа Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орталық аппаратының және ведомстволық қарасты ұйымдарының 16 командасы қатысты.Ең үздік ойыншы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы командасының капитаны Д.М. Әбдіғалиев танылды, ал жүлделі орындар осылайша белгіленді: «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚжеңімпаз атанды, екінші орынға «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК ойыншылары иеленді, үшінші орынды Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының өкілдері алды. Жүлдегерлерге кубоктар, мерейтойлық алқалар, дипломдар және құнды сыйлықтар ұсынылды.