14.10.2017

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету» ММ боулинг бойынша турниріне қатысты

2017 жылғы 14 қазанда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен белсенді демалысты насихаттау іс-шаралары шеңберінде Президенттің Іс Басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдары командалары арасында боулингтен турнир өтті.

Турнирге 14 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы жүлделі II-орынды иеленді, ал ведомстволық қарасты кәсіпорынның қызметкері А.Н. Қалмұхаметова әйелдер арасындағы ең үздік ойыншы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.