29.01.2018

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауының негізгі міндеттерін талқылады

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші Индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауына арналған ұжымдық кездесу өтті.

МТҚБ Басшысы Асхат Ысқақұлы Жанұзақов ұжымға 2018 жылы Президент қойған ел дамуының негізгі 10 бағытын түсіндірді, ол мемлекеттің басты мақсаты - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге көмектеседі. 

Кездесу соңында МТҚБ қызметкерлері мүдделі мәселелерін талқылады және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойған мақсаттары мен міндеттерін өздері қалай түсінетінін білдірді.