04.06.2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА

4 маусымда «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Бүкіл мемлекеттік қызметшілер үшін ҚР Президенті Іс Басқармасының құттықтаулары дыбысталып, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының барлық қызметшілері назарына әнұран орындалды.

МТҚБ Басшысы барлық әріптестерін Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, қызметшілердің патриоттық сезімін арттыру үшін осы мерекенің қажеттілігін белгіледі.