16.08.2019

2019-2020 жж. ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТУРАЛЫ

Жылыту маусымына дайындық маңызды іс-шара болып табылады.Бүгінгі күні, ШЖҚ «МТҚБ ӘҒД» РМК-да алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес орындалды.

  

Жылу желілері құбырларының барлық гидравликалық және техникалық сынақтары, бақылау - өлшеу аспаптарын тексеру жүргізілді, қызмет көрсетілетін ғимараттарда сервистік қызмет көрсетілді. Барлығы 2019-2020 жж. жылыту кезеңіне жылумен қамтамасыз ету жүйесін іске қосуға дайын және дайындалды.

            

Сонымен қатар, жылуэнергетикалық қамтамасыз ету қызметінің 70 қызметкері «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері» тақырыбында оқудан өтті.