12.11.2015

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының 20-жылдығына арналған спорт іс-шаралары

2015 жылғы 30 қазан және 10 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары арасында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының 20-жылдығына арналған спорттық іс-шаралары өткізілді.

Шахмат және бильярд бойынша сайыстардың жеңімпазы ретінде ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы белгіленді, «ҚР Парламенті ШБ-ның Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК ойыншылары үстелді теннис бойынша және мини-футбол бойынша турнирдегі бірінші орындарға ие болды, боулинг бойынша сайыста «ҚР Парламенті ШБ-ның Автошаруашылығы» РМК-ның өкілдері үздік атанды. Жеңімпаздарға кубоктар, дипломдар және құнды сыйлықтар ұсынылды.

Ойындардың қорытындысы бойынша, ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы командасының қатысушылары бірінші жалпыкомандалық орынға арналған кубогына иеленді.