25.09.2019

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

2019 жылғы 25 қыркүйекте Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері үшін "Ақпараттық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған кездесу аясында зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны аудару және есептеу, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық қызметтері, ерікті зейнетақы жоспарларын дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы зейнетақы заңнамасын өзгерту мәселелері талқыланды.