18.11.2015

Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылымы Мәжілісінің төрағасы М. Оспановты еске алуға арналған мини-футбол турнирі

2015 жылғы 11 және 13 қараша күндері «Алатау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасымен Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылымы Мәжілісінің төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған жыл сайынғы мини-футбол турнирі ұйымдастырылды.

Сайыстарға Қазақстан Республикасы Парламентінің, «Нұр Отан» партиясының,Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, М.Оспановтың отбасының, М.Оспанов атындағы қорының және М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университетінің командалары қатысты. Бірінші орынға арналған ауыспалы кубогына Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы иеленді, екінші орынды Батыс-Қазақстан медициналық университетінің ойыншылары алып, жүлдегерлер үштігін М.Оспанов атындағы қоры тұйықтады. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.