26.10.2019

Жыл сайынғы спартакиада аясында боулингтен турнир өтті

Ағымдағы жылдың 26 қазанында жыл сайынғы спартакиада аясында Жастар жылына арналған Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдары арасында боулингтен турнир өтті.

Турнирге барлығы 13 команда қатысты. Әрбірі тек жеңіске жетуді көздеді. Қатысушылардың көбісі белсенді қолдайтын жанкүйерлерімен келді.

Ойынның жоғары деңгейін көрсеткен «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ командасы 500-ден астам ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды.

Бұл туралы біздің команданың ойыншылары – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Басшысы Асхат Ысқақұлы Жанұзақов пен «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК қызметкері Құралай Қабдылжанқызы Төретаева турнирдің үздік ойыншылары деп танылғаны дәлелдейді.

2 орынды ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК командасы алды;

3 орынды «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ командасы иеленді.

Командаларға кубоктар, медальдар, дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Жүлдегерлерді лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, келешекте спорттық табыстар тілейміз!