23.11.2019

Үстел теннисінен бірінші орын.

23 қарашада үстел теннисі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының жыл сайынғы спартакиадасы аясында қорытынды турнир өтті.

 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының командасы сөзсіз жеңіске жетті, екінші орынды - ҚР ПІБ Автошаруашылығының командасы, үшінші орынды - ҚР ПІБ инженерлік – техникалық орталығының ойыншылары иеленді.

Салауатты өмір салтын ұстау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының спорттық командалары жыл бойы футбол, волейбол, шахмат, бильярд, боулинг және үстел теннисі сияқты жарыстарда сынға түсті.