05.01.2020

2019 жылдың үздік Заңгері

ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдардың заң бейіндегі қызметкерлері арасында өткізілетін жыл сайынғы кәсіби жарыстар шеңберінде 2019 жылдың үздік заңгері болып «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Заң басқармасының басшысы - Ұлан Зетов танылды.

Үздік кәсіби нәтижелері үшін ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Аппараты Басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Ұлан Зетов 14 жылдан астам жұмыс өтілі бар, оның ішінде: 

2005 жылдан 2012 жылға дейін-Астана қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші маманы, бас маманы, заң басқармасының бастығы.   

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Заң басқармасының бас сарапшысы, басшысы.