18.12.2015

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыстар өтті

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық Басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыстар өтті. Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін маңызды мейрам, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық.

Біз жыл сайын Тәуелсіздігіміздің жолында демократия мен үстемдік принциптерімен Ұлттың көшбасшысы – мемлекет басшысымыз Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен өмір сүретін мықты, өскелең, саяси тұрақты мемлекетіміздің қалыптасуына күәгерміз.

         Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы мен оның  ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

         «Ерең еңбегі үшін» медалімен – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Басшысы – Қ.Қ. Райханов, «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы» РМК-ның өндірістік-техникалық қызметінің аккумуляторшысы – Т.Қ. Рахимжанов  марапатталды.

         Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК-ның диспетчер қызметінің шебері – Т.А. Құсайынов және «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының Инженерлік орталығы» РМК-ның конгресс-жүйелер қызметінің 1 - ші санаттағы инженері И.В. Похил марапатталды.

         Сонымен қатар, қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысынан, ҚР Парламенті Палаталар Аппараттары  Басшыларынан және ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Басшысынан алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.