08.06.2020

Кәсіпорында оқыту

«МТҚБ ӘҒД» РМК-да ішкі тренингтер мен мастер-кластар есебінен тәжірибе алмасу бағдарламасы сәтті басталды. Бұл рәсім көрсетілетін қызметтердің сапасын, ішкі резервтер мен өндіріс озаттары есебінен персоналдың біліктілік деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Басшылар құрамына үшін «Стратегиялық, күнтізбелік жоспарлау, тайм-менеджмент» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқыту барысында «Қызметтің тиімділігін арттыру», «Уақытты тиімді жоспарлау және басқару дағдыларын меңгеру», «Хронофагтармен күрес» сияқты мәселелер қозғалды.          

Тренингке директордың орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің бастықтары қатысты. Жаттықтырушы сапа қызметінің бастығы болды.          

Сонымен қатар, КТҚ қызметкерлері үшін мына тақырыптар бойынша оқу өткізілді:

- «Тамақ өнімдерін өндіру қауіпсіздігінің менеджменті»;          

- «Энергетикалық менеджмент жүйесі»;         

 - «Кәсіпорында COVID-19 қарсы күрес бойынша санитарлық-алдын алу шаралары».