01.09.2020

ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің әкімшілік ғимараттарында санитарлық рамкалар (дезинфекциялық тоннельдер) орнатылған

Қазіргі уақытта ШЖҚ "МТҚБ ӘҒД" РМК-да ҚР Парламенті ғимараттарында covid-19 алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілуде.

Санитарлық нормаларды тиімді сақтау, сондай-ақ covid-19 вирусын жұқтыру қаупін азайту мақсатында Сенат пен Мәжілістің әкімшілік ғимаратындағы кіру топтарында санитайзерлік шеңберлер (дезинфекциялық тоннельдер) орнатылды. 

 Дезинфекциялық тоннель ауаны, адам терісінің ашық жерлерін, қызметкерлер мен келушілердің арнайы киімдері мен сыртқы киімдерін дезинфекциялау және зарарсыздандыру үшін қолданылады. 

Келуші тоннельге жақындаған кезде қозғалыс сенсоры іске қосылып, дезинфекцияға арналған белсенді заттың оттегін шашыратады. 

Мұндай шешім тітіркенуді тудырмайды, сонымен қатар киімге із қалдырмайды. Дезинфекциялық туннель-бұл вирусты жұқтыру қаупін төмендететін тиімді құрылғы.