03.06.2022
Инженерлік орталықта Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс шара өтті
2022 жылғы 3 маусымда Инженерлік орталықта Әнұранның орындалуымен патриоттық рухта басталған салтанатты отырыс аясында, Мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын, тәуелсіз Қазақстан үшін рәміздердің рөлі мен маңызы туралы «Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі» тақырыбында баяндамасы оқылды.Осылайша Инженерлік орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер күні – бұл Қазақстанның әрбір азаматы үшін маңызды күн.
Ту, Әнұран және Елтаңба халықтың тәуелсіздігі мен бостандығын білдіреді.
Мұндай іс-шаралар ел патриоты мен әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы маңызды қадамы болып табылады.