02.06.2022

ӘҒД мен МТҚБ өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады

«МТҚБ» ММ және «МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК қызметкерлері бастамасымен мейірімділік пен қамқорлық акциясын ұйымдастырды.

Ұжымның жанашыр, белсенді азаматтық ұстанымы бар мүшелері кіретін бастамашыл топ Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Ақкөл балалар үйінде болды. 

 Ұжым әр түрлі жастағы 88 балаға сыйлық, оның ішінде балалар шығармашылығына арналған ойыншықтар мен баланың ой-өрісін дамытуға арналған түрлі көрнекі құрал сатып алуды ұйымдастырды, сондай - ақ мерекеге арналған тағам, сусындар мен тәттілерді сыйлады. 

 "Осы шуақты күні біз Ақкөлдегі балаларға барып, мерекелік атмосфера мен көңіл-күй сыйлауға тырыстық. 

 Біз әр бала үшін назар аударудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, әсіресе балалар мерекесінде, балалардың көпшілігі ата-аналарымен саябақтарға барғанда сыйлықтар алып жатады. 

 Балалардың жасына қарамастан, бір сәтке олардың тағдыр тәлкегіне түскен қиындықтарын ұмытып кеткені қуантады. 

 Балалармен қарым-қатынас өте маңызды, өйткені бізде олармен бүгінгі күні нағыз достар да пайда болды, тіпті кейбіреулері бізді осы күні күтеді. 

 Бұл кездесу балалар үшін де біз үшін де өте қимастық сәттер", - деп бөлісті «ӘҒД» РМК директорының орынбасары Марлен Ақмұханов. 

 Өткен жылы кәсіпорын қызметкерлері осындай акцияда балаға арналған арнайы мүгедектер креслоларын сыйға тартқан болатын. Қызметкерлер бұл дәстүрді кейінгі жылдары да сақтап қалуға ниеттеніп отыр.