08.06.2022

«МТҚБ» ММ Басшысы Әлихан Жамсатов «Парламентаризм институтының» қызметкерлерімен кездесті

Ұжым өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еңбек жағдайлары мен жұмыс процестерін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Мысалы, қатысушылар тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру мүмкіндіктері, конференцияларға арналған жабдықтармен қамтамасызету туралы сұрады, бірқатар мәселелер жалақыны көтеру және әлеуметтік қамтамасыз етумен байланысты болды. 

Сонымен қатар, қызметкерлер медициналық ұйымға тіркелу мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ қашықтықтан форматта аптасына бір жұмыс күнін практикаға енгізудің орындылығын бағалауды сұрады. 

МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарлануда. Жақын арада барлық сұрақтарға жауаптар дайындалып, қызметкерлердің назарына жеткізілетін болады. 

МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.