23.06.2022

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы Қазақстан полициясы күнін тойлауға өз үлесін қосты.

23 маусым - Полиция күні, Қазақстанда осы кәсіби мерекесі жыл сайын атап өтіледі. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін адал қызметтері үшін құттықтау және марапаттау дәстүр болып қалыптасқан.

Мереке күні Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы және оған бағынысты Автошаруашылық кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерін марапаттады: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының  басшысы Әлихан Жамсатовтың атынан 14 қызметкерге және Автошаруашылық директоры Дәулет Асқаровтың атынан 20 қызметкерге Алғыс хаттар табыс етілді.

Өз ісіне адал қызмет еткені, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, ерлікпен жасаған жұмыстары үшін ұжым мен басшылық атынан табысталған Алғыс хаттар ризашылықтың символы болып табылады.