08.10.2015

Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар

2015 жылғы 8 қазанда Мүгедектер күніне орай Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшылығы мен қызметкерлері Ақмола облысы Астрахан ауданы Первомайка селосында орналасқан мүгедек балаларға арналған балалар үйіне барып қайтты.

 

Сол күні балалар үйінде салтанатты жиналыс ұйымдастырылып, мекемеміздің басшылығы интернат тәрбиеленушілеріне төзімділігі, батырлығы және өмірге деген сүйіспеншілігі үшін, ал мекеме жұмыскерлеріне балаларға жасаған қолайлы жағдайлар жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, өз кезегінде мерекелік қойылымды дайындаған.Первомай психоневрологиялық патологиядағы және демеу-қозғалтқыш аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің жаңа ғимараты 2008 жылы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының тікелей қатысуымен салынды.