19.09.2015

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жұмыскерлі жалпықалалық сенбілікке қатысты

2015 жылғы 19 қыркүйекте астанада «Біз – таза қала үшін» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті, бұл сенбілік бірінші рет азаматтардың көпшілік санын жинады – шамамен 100 мың адам қатысты, сонымен қатар бұл жерде 450 бірлік техника да жұмылдырылды.

Жалпықалалық сенбілікті өткізу аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызмет көрсететін объектілер аумағын тазалады – іргелес жатқан аумақты тазалау, аумақтың іші мен сыртындағы ағаштарды, бордюрларды, шарбақтың фундаментін ақтау сияқты, жаңбыр мен арық-лотокты кәріздердің желілерін тазалау, жерге тасталған қоқыстар мен ластаған учаскелерді жою жұмыстары жүргізілді.   2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап 7 қазанға дейін Астана қаласы аумағының санитарлық тазалау, абаттандыру және аумақты көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өтетінін назарларыңызға саламыз.