02.08.2013

ҚР Парламенті ШБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының 2013 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған қызметінің нәтижелері бойынша отырыс өткізілді

2013 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасында Басшы Б.Қ. Князбаевтың төрағалық етуімен отырыс өткізілді.

    Күн тәртібі – «ҚР Парламенті ШБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметтерінің нәтижелері және жыл аяғына таман қол жеткізілген көрсеткіштер бойынша болжамдар».  Іс-шараға Басшы орынбасарлары, құрылым бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының директорлары, экономикалық бөлім бастықтары мен мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар  қатысты.   

Отырыс барысында Шаруашылық басқармасының бұдан әрі даму жүйесі, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, энергия мен суды үнемдеу, барлық жоспарлы көрсеткіштерді орындау, мемлекеттік сатып алуды уақтылы және сапалы жүргізу, жылыту маусымына дайындық, кадр саясаты жөніндегі және т.б.  мәселелер талқыланды.     

Жиналыс барысында Шаруашылық басқармасы қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға септігін тигізетін түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігі назарға алынды.    Отырыстың қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың аяғына дейін нақты міндеттер қойылды.