24.08.2015

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында өрт сөндіру-тактикалық жаттығуларды өткізу

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі жоспарына сәйкес, 2015 жылғы 29 шілдеде және 2015 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі ғимараттарында гарнизон күштері мен құралдарын жұмылдыра отырып, шартты өртті сөндіру бойынша өрт сөндіру-тактикалық оқулары өткзілді.

  Оқуға қатысқандар:-  өрт сөндіру бөлімінен – 12 адам, Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінен – 62 адам;- Қазақтан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Үкіметтік мемкемелерді күзету жөніндегі Полиция полкінің жұмыскерлері – 15 адам;  - «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны РМК қызметтерінің кезекші ауысымдары мен инженерлік-техникалық персоналы - 20 адам;Шартты өртті сөндіру барысында екі бірлік автоцистерна өрт сөндіру машиналары мен АКП-88 автокүймелі көтергіші, «Газель» маркалы штаб машинасы қатысты.Жоспарлы іс-шараларды өткізу барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ғимаратынан 70 адам шығарылды, Республикасы Парламентінің Мәжілісі ғимаратынан 120 адам шығарылды. Оқу мақсаты:- өртке қауіпті жарылу объектіде өрт сөндіру әдістерін пысықтау; - өрт сөндіру мен алғашқы апаттық-құтқару жұмыстарының барысында басшылық ету сапасын арттыруға бағытталған өртті сөндіру бойынша жедел штабтың жаттығуларын өткізу;  - өрт сөндіру мен алғашқы апаттық-құтқару жұмыстарының барысында Астана қаласы Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесібасшылық ету құрамының тактикалық дағдыларын жетілдіру; - Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіөртке қарсы қызметінің, «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК инженерлік-техникалық персоналының, ҚР ІІМ Үкіметтік мемкемелерді күзету жөніндегі Полиция полкінің өзара іс-әрекет етуі; - кешендегі автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру жүйесінің жұмыстарын тексеру; - ғимараттан адамдарды шығару іс-әрекеттері. Қазақстан Республикасы Парламенті ғимаратындағы шартты өртті сөндіру бойынша іс-шаралар жоспарының барлығы уақытылы пысықталды. Объектінің кезекші қызметтері, Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі,Полиция полкінің қызметкерлерінің өзара іс-әрекет етуі бойынша ескертулер жоқ.