08.05.2013

9 мамыр – Жеңіс күні



    Осы жылдың 08 мамырында маңызды, әсерлі және айтулы мейрамдардың бірі 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК қызметкерлері, «НұрОтан» ХДП қоғамдық бірлестігі «Бірлік» филиалының «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК бастауыш партия ұйымы мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагері Баймұрат Құслыпұлы Рамазановтың жесірі Раиса Сахидқызы Мұбарақшинаға материалдық көмек көрсету үшін ақшалай қаражат жинауға ынтагерлік көрсетті (жиналған қаражатқа азық-түлік, шаруашылық тауарлары, гигиена құралдары, үйге арналған киімдер, дәрі-дәрмектер сатып алынып, Ардагердің жесір әйеліне тапсырылды).