22.02.2016

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар-лекциялар өткізілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасында а.ж. 29 қаңтарынан 12 ақпан аралығында Парламент ШБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру жөнінде мынадай салалар бойынша семинар-лекциялар өткізілді

- Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жаңа тәсілдемелері туралы. Соттардың азаматтық істерді жаңа процессуалдық тәртіп бойынша қарастыруы.

- Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы.

- Еңбек заңнамасы саласындағы өзгерістер туралы.

- Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық актілердегі толықтырулар мен өзгерістер туралы.

- Ақпараттандыру саласындағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың құқықтану механизмінің кейбір мәселелері туралы.

- Мемлекеттік құпияларды сақтаудың кейбір мәселелері туралы.

- Сервистік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері туралы.

- Көлік және жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар.