23.04.2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жұмыскерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Парламент ШБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жұмыскерлері жыл сайын жалпықалалық сенбіліктерге белсене қатысып, қаланың абаттандыруы мен өркендеуіне үлес қосады.

2016 жылғы 23 сәуірде жалпы қалалық сенбілікті өткізу аясында Қазақстан РеспубликасыПарламентінің Шаруашылық басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызмет көрсететін объектілер аумағын тазалады – іргелес жатқан аумақты тазалау, аумақтың іші менсыртындағы ағаштарды, бордюрларды, шарбақтың фундаментін ақтау сияқты, жаңбырмен арық-лотокты кәріздердің желілерін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Парламент ШБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жұмыскерлері жыл сайын жалпықалалық сенбіліктерге белсенеқатысып, қаланың абаттандыруы мен өркендеуіне үлес қосады.