27.08.2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы шахмат турнирінде жүлделі орынға ие болды

2016 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының Орталық аппараты және ведомстволық қарасты ұйымдарының командалары арасында шахмат турнирін өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы турнирге қатысқан 15 команданың ішінде екінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға спорттық кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.