29.08.2016

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықаралық конференциясын өткізуге қатысты

Ағымдағы жылғы 29 тамызда Астанада Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықаралық конференциясы өткізілді.

Конференцияға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ядролық қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясат ведомстволарының жетекшілері, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Жалпы 1000-нан астам қатысушы тіркелді.

 Іс-шараны өткізу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы тарапынан автокөліктің 70 бірлігі тартылды, 100 кісілік баспасөз орталығы ноутбуктармен және көпатқарымды принтерлермен жабдықталды, интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді, синхронды аударманы тыңдауға арналған инфрақызыл құлаққаптар ұсынылды, қажетті мөлшердегі бағдарлама, үлестіру материалдары, бейдждер таратылды, сондай-ақ конференцияның қатысушылары үшін тамақтандыру және кешкі қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.