03.11.2016

Қозғалу мүмкіндігі шектеулі халық топтарына кедергісіз орта жасау

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасымен қозғалу мүмкіндігі шектеулі халық топтарына Қазақстан Республикасы Парламентінің әкімшілік ғимараттарына кіру қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жобалар жүзеге асырылды.

Аталған жобалар 2015 жылы мүгедектер үшін ғимараттарға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп, 2016 жылы жүзеге асырылған. Мүгедектерге кедергісіз орта жасаудағы әлемдік тәжірибені назарға ала отыра, болашақта ғимарат ішінде, дыбыс хабарламаларды ойнату функциясы бар белсендіргіш-білезіктер мен дауыс зорайтқыштардан құрылған, нашар көретін және зағип адамдарға арналған заманауи навигациялық жүйелердің, Парламент ғимаратының негізгі кіреберістеріне автоматты ашылу құрылғыларының орнатылуы көзделген. Сонымен қатар, мүгедектерге кедергісіз орта жасау саласындағы жаңа технологияларға тұрақты негізде мониторинг жүргізу жоспарлануда.