08.11.2016

Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылымы Мәжілісінің төрағасы М. Оспановты еске алуға арналған мини-футбол турнирі

2016 жылғы 29 қазанда Назарбаев Университетінің спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасымен Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылымы Мәжілісінің Төрағасы, мемлекеттік және белгілі қоғам қайраткері, ғалым-экономист Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған жыл сайынғы мини-футбол турнирі өткізілді.

Жарысқа 6 команда қатысты: Қазақстан Республикасының Парламенті, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті, М. Оспанов атындағы қоғамдық қор және М. Оспановтың отбасымен ұсынылған команда. М. Оспанов атындағы қоғамдық қордың командасы турнирдің қорытындылары бойынша ауыспалы кубокты иеленді, екінші орынды Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы алса, Қазақстан Республикасы Парламенті Аппараттарының өкілдері үшінші орынға ие болды.