16.03.2017

«МТҚБ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ



«МТҚБ» ММ баспасөз-қызметінің хабарлауынша, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-нің жұмыскерлері «Б» корпусы қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін  белгілеуге бағытталған мемлекеттік аттестациядан сәтті өтіп шықты.

Мемлекеттік қызметшілердің аттестациясына Қазақстан Республикасы «А» корпусының және «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне арналған Бірыңғай өкілетілік шеңбері кіретінін атап өту қажет.

Ол заманауи кәсіби мемлекеттік аппаратына қойылатын талаптарға сайкес әзірленіп, «Тиімділік», «Халыққа қызмет ету», «Айқындық пен есептілік» және «Қызметшілердің жеке қасиеттері» атты 4 блокқа жинақталған, 11 өкілеттіктен құрылған.