29.04.2017

МТҚБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Бүгін «МТҚБ» ММ баспасөз қызметі «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ қызметкерлерінің жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысқандығы жөнінде хабарлайды.

Жалпы, іс-шараға 290 адам қатысты. Олардың барлығы бекіністік құрал-саймандармен, қолғаптармен және қоқыс жинауға арналған қапшықтарымен қамтамасыз етілді. Жалпы ауданы 4 мың м² құрайтын аумақ жиыстырылды. 

Осылайша, аумақты санитарлық тазалау; ағаштар мен жол жиектерін әктеу; ғимараттардың фундаменттерін, қоршауларды, кіші сәулет нысандарын сырлау; гранитті қаптаманы жуу және жөндеу; ағаштар отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілді. 
Жиналған қоқысты тасып шығаруға арнайы техника жұмылдырылды. 
Еске сала кетейік, бүгін елордамызда экологиялық айлықтың шеңберінде 100 мыңнан астам адам, сонымен қатар 4 452 мемлекеттік мекемелер қатысатын «Біз таза қаланы қолдаймыз!» жалпықалалық сенбілігі өтуде.