02.06.2017

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ӘНҰРАН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛДЫ

Бүгін, мемлекеттік рәміздер бекітілуінің 25-жылдығы қарсаңында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-де салтанатты түрде әнұранымыз орындалды.

Хабарлау жүйесі арқылы ҚР Президенті Іс Басқармасының атынан барлық мемлекеттік қызметшілерге құттықтау сөздері айтылды, содан кейін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының барлық қызметкерлерінің қатысуымен әнұран орындалды.

Іс-шараның соңында МТҚБ Басшысы барлық қызметкерлерді алда келе жатқан Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, береке-бірлік, бейбітшілік және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы игілігі жолында жаңа жетістіктер тіледі.