23.06.2017

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Басшының орынбасары Әлихан Жамсатовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша отырыс өткізілді.

Іс-шараға ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшылығы мен МТҚБ қызметкерлері қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және жол бермеу, мемлекеттік қызмет талаптарын сақтауға бағытталған шараларды күшейту.

Отырыста Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Камалидин Жакпаров баяндамамен сөз сөйледі.

Баяндамашының айтуынша: «Тек мемлекет пен қоғамның тығыз әріптестігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады. Қоғамның қолдауысыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиімсіз болып табылады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс».

Отырыс барысында қызметкерлерге ҚР МҚІСҚА-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы ақпараттық және әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ, қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.