11.07.2017

«ЭКСПО-2017» ШЕҢБЕРІНДЕ ІС-ШАРАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Ағымдағы жылы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өткізіліп жатқан іс-шараларға техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Астана Экономикалық форумына, XIV Еуразиялық медиафорумына және WSEC-2017 Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгрестің техникалық сүйемелдеу ұйымдастырылды.

Инженерлік орталықтың жұмыскерлерімен Интернетке шығуды қамтамасыз ету үшін жергілікті-есептеу желісінің монтажы мен желілік коммутациялық жабдықтардың бапталуы өткізіліп, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен іс-шаралардың қонақтары үшін 200-ден аса жұмыс орны әзірленді.