29.08.2017

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында «МТҚБ» Басшысының орынбасары Исалиев Қайдардың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Қ. Исалиев құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан халқының еркіндігін, оның басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танытуға деген құлшынысын толыққанды көрсететінін атап өтті.