Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

Қаржы-экономикалық басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бұдан әрі – МТҚБ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін МТҚБ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МТҚБ басшылығы бекітеді.

 

 

2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: алдағы үш жыл мерзімге МТҚБ бюджетті әзірлеуге, сондай-ақ, ағымдағы қаржы жылының республикалық бюджет параметрлерін нақтылауға қатысу.

Функциялары:

1) ағымдағы бағдарламалар мен даму бағдарламалары бойынша МТҚБ бюджеттік өтінімдерін, сондай-ақ, МТҚБ-ның алдағы үш жыл мерзімге арналған бюджет бағдарламалары жобаларын құру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру (МТҚБ шығындарының барлық түрлері бойынша есептесулерді жүзеге асыру);

2) Сәйкес тұжырымдамаларды алу мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну үшін іске асыруға жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалар (инвестициялық ұсыныстар, салалық қорытындылар және т.б.) бойынша құжаттама пакетін әзірлеуге қатысу;

3) бюджеттік заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары немесе басқа заңды бастамалар негізінде сәйкес қаржы жылына республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу;

4) бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органда келісуді қамтамасыз ету;

5) алдағы үш жылдық мерзімге бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың жобасын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз ету;

6) Палаталар, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттары, МТҚБ басшылығы үшін бюджетті қалыптастыру мәселелері бойынша аналитикалық және анықтамалық материалдарды, баяндамаларды дайындау;

6. Міндеті: бюджеттік мониторингті және бюджетті орындауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) алдағы қаржы жылына арналған МТҚБ міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жылдық жеке жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ, жыл ішінде қажеттігіне қарай оларға өзгерістер және толықтырулар енгізу;

2) бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезеңіндегі жылдық мемлекеттік сатып алулар жоспарына кейіннен қосу үшін уақытылы мәліметтер ұсыну;

3) МТҚБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары орындайтын республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру тиімділігін талдау және бағалау арқылы бюджеттің орындалу мониторингісін жүзеге асыру;

4) бюджетті орындау анализі бойынша, бюджеттік бағдарламаларды (іс-шаралар) іске асыру үшін жауапты МТҚБ құрылымдық бөлімшелерінің мәліметтері негізіндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іс асыру бойынша аналитикалық, анықтамалық материалдар, баяндамаларды ай сайынғы негізде дайындау;

5) Бюджеттік мониторинг және бюджетті орындау орындау нәтижелері бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады, оның ішінде: материалдарды ұдайы және жүйелі түрде жинақтау, бюджеттің орындалу көрсеткіштерін қадағалау және талдау, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті нәтижелер көрсеткіштерінің дұрыс таңдалуын талдау, МТҚБ бюджеттік бағдарламаларымен белгіленген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу деңгейін талдау.

7. Міндеті: МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіру.

Функциялары:

1) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық жоспарлау жөніндегі жұмысқа басшылық ету;

2) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының штаттық кестелері мен еңбекақы қорларын келісу бойынша тұжырымды қарастыру және дайындау;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен бағаларын келісу бойынша тұжырымды қарастыру және дайындау;

4) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы жұмыстарының перспетивалық жоспарына ұсыныстарды, сонымен қатар бекітілген индикаторларға қол жеткізу туралы есептемелерді МТҚБ құрылымдық бөлімшелерімен дайындау және келісу;

5) Алдағы бесжылдық кезеңге МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары Даму жоспарларының жобаларын және олардың экономикалық есептерін қарастыру, бекітуге дайындау;

6) Сәйкес кезеңге МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының Даму жоспарларын орындау бойынша есептемелерді тұжырымдау және бекітуді қарастыру және дайындау;

7) есептік кезеңдегі МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары қаржылық-шаруашылық қызметінің анализін жүргізу және жедел жинақтама ақпаратты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына ұсыну;

8) МТҚБ құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметі тиімділігін бағалауды жүргізу;

9) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржылық бақылау мәселелері жөніндегі есептілік формаларын, оны құру және МТҚБ-ға тапсыру тәртібін әзірлеу;

10) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының бюджетті әзірлеу, қаржыландыру жоспарларын құру, қызметті, штат кестелері мен оларға есептерді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік басшылық етуін жүзеге асыру.

8. Міндеті: қаржылық есептіліктердің белгіленген мерзімде уақтылы және сапалы құрылуы және сәйкес мемлекеттік органдарға ұсыну.

Функциялары:

1) бюджеттік қаражаттың игерілмеген қалдықтарының себептерін, міндеттерді қабылдамауларды көрсетіп, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингісі нәтижелері туралы ай сайынғы есептерді құру және белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ұсыну;

2) төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалуы туралы ай сайынғы ақпарат құру және белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ұсыну;

3) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы жылдық есепті құру және белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ұсыну;

4) МТҚБ есептік кезеңдегі бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жарты жылдық және жылдық аналитикалық материалдарын жасау (бюджеттік инвестициялық жобаларды дайындаудың және іске асырудың жоспар-кестесі, инвестициялық кезеңдегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингісі бойынша есеп, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингісі жөніндегі жиынтық анықтама) және есептерді мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға ұсыну;

5) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсан сайынғы есебін құру және оларды белгіленген мерзімде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсыну;

6) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының даму жоспарларын орындау бойынша есептерді құру және оларды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ұсыну.

9. Міндеті: Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді сапалы және тиімді орындау.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен келісу бойынша сәйкес жылға МТҚБ-ның штаттық кестесін әзірлеу және бекіту;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары мен МТҚБ басшылығының тапсырмалары бойынша Басқарма мәселелері жөніндегі ақпараттардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарын уақтылы қарау, сондай-ақ, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

4) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарымен, министрліктермен және ведомстволармен Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара әрекет жасау;

5) МТҚБ басшылығының тапсырмасы бойынша МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарды кешенді, тақырыптық тексеруге қатысу;

6) Басқарма құзіреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

7) жетекшілік ететін мәселелер мен оларға қажетті материалдар бойынша кеңестерді дайындайды.

8) құжаттама есебі мен сақталуын жүзеге асыру, оны МТҚБ мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі жай-күйі мен сақталғандығын бақылау;

9) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МТҚБ бұйрықтарын, нұсқауларын, баяндамаларын, аналитикалық анықтамалар жобаларын дайындауға қатысу;

10) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

10. Міндеті: МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың құжаттамасын Басқарма құзіреті шегінде әзірлеу және қолдау;

Функциялары:

1) Басқарма құзіретіне кіретін, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктер мен өзге құжаттарды (мәліметтер мен ақпараттар) МТҚБ Заң басқармасына ұсыну;

2) Басқарма құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жеткізу мерзімдері мен сапаларына бақылау орнатады;

3) шағым-талап жұмыстарын жүргізу үшін жеткізушілердің (ұйымдардың) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді бұзғаны туралы МТҚБ Заң басқармасын хабардар етеді.

11. Басқарманың құқықтары мен міндеттері

1) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарынан және олардың лауазымдық тұлғаларынан Басқармаға артылған функциялар мен міндеттерді орындауға арналған қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және қабылдауға;

2) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарына қызметті жақсарту бойынша, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сәйкес ұсынымдар, ұсыныстар беруге;

3) МТҚБ басшылығының тапсырмаларын сапалы орындап, жұмыстың ағымдағы және келешек жоспарларын іске асыру;

4) өзіне берілген құқықтар шегінде өз өкілеттігін жүзеге асыру;

5) Басқарма құзіреті шегіндегі МТҚБ-да жасалатын мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын келісу.

 

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

12. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

13. Басқарманы қызметке МТҚБ Басшысымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

14. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

15. Басқарма басшысы МТҚБ басшылығына осы Басқарманың штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

16. Басқарма басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) міндеттерді Басқарма қызметкерлері арасында бөліп береді және МТҚБ Басшысы және / немесе оның орынбасарлары тапсырмаларының және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алады;

2) Басқарма қызметкерлерін тағайындауға, жұмыстан босатуға, ынталандыру және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді.

3) іс қағаздардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді;

4) МТҚБ басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Басқарма басшысы болмаған кезде оның міндеттерін МТҚБ Басшысының келісімі бойынша бас сарапшы атқарады.

18. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастырушы тұлға қол қояды.