Құрметті қонақ!

Сіз қызметімізге қатысты мәселелер бойынша бізге сұрақ қоя аласыз.

Сіздің сұрағыңызға тез арада жауап беру үшін, сұрақтың мән-мағынасын нақты және егжей-тегжейлі баяндап беруіңізді сұраймыз.

Сервисті пайдалану үшін Келісімді қабылдауыңыз қажет.

Үндеу жазу бойынша Келiсiм.

Мынадай сұрақтар қарастырылмайды:

* анонимдік;

* балағат сөздер жазылған;

* оқылуы қиын және түсініксіз қысқартуы бар мәтін;

* сұрақ қойылатын тұлғаның құзыретіне кірмейтін мәселелер.

Үндеуде:

* қорлау сипатындағы мәліметтер, жала жабу, теріс мәліметтер, абыройына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне зиян келтіретін, я болмаса диффамация мақсатында қолданылатын басқа да мәліметтер;

* әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектік-топтық және рулық араздықты тұтандыруға бағытталған мәліметтер;

* әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни алауыздықты қоздыратын мәліметтер;

* ұлттық ар-намысын, қадір-қасиетiн, я болмаса азаматтардың дiни сезiмдерін қорлайтын мәліметтер;

* әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық артықшылықты, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайын, жынысын, нәсілін, ұлтын, тілін, дінге көзқарасын, нанымын кемсітуді, Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, адамдардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына қауіп-қатер тудыруды насихаттайтын немесе үгіттейтін мәліметтер болмауы тиіс.

Әдетте, үндеуді өңдеу және үндеуге жауап беру белгiлi бiр уақыт алады, сондықтан қайталанған (қосарланған) үндеулер, я болмаса бұрын берілген үндеулерге жауаптың болмау себебін анықтау үшін жіберілген үндеулер қарастырылмайды.

Әсiресе жұмыстан тыс уақытта түскен, жедел шешуді талап ететiн (жедел сипаттағы сұрақтар) үндеулерге жауап қайтару мерзiмдерi бойынша шағым қабылданбайды.

Сұрағыңызды қойғанда осы Келісімнің шарттарын қабылдадыңыз деп есептелінедi.

E-mail: g.izbanova@umto.gov.kz