Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

РЕГЛАМЕНТІ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – МТҚБ) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оған жүктелген функцияларды орындау үдерісіндегі қызметтерінің жалпы қағидаларын белгілейді.

2. Осы Регламентпен белгіленген талаптар МТҚБ мен оған ведомстволық қарасты кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.

3. Құпия емес іс-қағаздарды ұйымдастыру және келіп түсетін хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, мәліметтерді беру мен таратуды, оның ішінде электрондық құжат айналымды ұйымдастыру мен жүргізу Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына жүктеледі және «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентімен, осы Регламентпен, МТҚБ-дағы құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Құпия іс-қағаздарды ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасындағы құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

4. МТҚБ Басшысы мен оның орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлу, МТҚБ басшылары арасындағы өзара алмасушылық МТҚБ бұйрығымен бекітіледі.

5. МТҚБ-ның жекелеген жұмыстарын орындау мақсатында МТҚБ-ның бұйрығымен бекітілетін тұрақты және уақытша комиссиялар, жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

6. Жаңа қабылданған қызметкерлерді осы Регламентпен және МТҚБ-ның қызметін реттейтін басқа да құжаттарымен таныстырып, қол қойдырады.

 

 

2. Жұмысты жоспарлау

 

7. МТҚБ-ның жұмыс жоспарлары МТҚБ туралы Ережеде айқындалған қызметтер мен тапсырмалардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

8. МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы негізінде МТҚБ-ның жұмыс жоспарларының жобаларын қалыптастырады, яғни жоспарлау кезеңі басталғанға дейін 15 күн бұрын Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына ұсынылады.

МТҚБ-ның жұмыс жоспарларының жобалары МТҚБ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерімен және МТҚБ Басшысының орынбасарларымен келісіледі (қол қойылады) және жоспарлау кезеңі басталғанға дейін 5 күн ішінде МТҚБ-ның Басшысына бекітуге ұсынылады.

9. МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелері жұмыс жоспарларын бір жылға жасайды және олар мыналарды қамтиды:

1) орындалуға жататын іс-шаралардың реттік нөмірлері мен атаулары;

2) іс-шараларды орындау мерзімі;

3) іс-шараларды атқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелер (орындаушылар мен қосылып орындаушылар);

4) іс-шаралар мен олардың орындалу тәртібін нақтылау мақсатындағы мүмкін болатын мәліметтер.

10. Құрылымдық бөлімшелеріндеМТҚБ Басшысының жетекшілік ететін орынбасарлары бекіткен ағымдағы жұмыс жоспарлары (айлық, апталық) құрылуы ықтимал.

11. МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелері жұмыс жоспарларының атқарылуымен бір жыл ішінде атқарылған жұмыстары туралы есептерді дайындайды және МТҚБ-ның жиынтық есебін жалпылап, дайындау үшін Ұйымдастыру–бақылау және кадр жұмысы басқармасына жібереді.

12. Жылдық жұмыс жоспарды МТҚБ-ның Басшысы бекітеді және Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы оны орындаушыларға жеткізеді.

13. Бекітілген жоспардан басқа, өзге жұмыстарды орындау:

1) МТҚБ мәжілісінің шешімдерімен және хаттамаларымен;

2) МТҚБ-ның бұйрықтарымен;

3) МТҚБ Басшысының жазбаша және ауызша тапсырмаларымен жоспарлануы мүмкін.

14. Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді МТҚБ-ның Басшысы тиісті мәселелерге жетекшілік ететін МТҚБ Басшысының орынбасарларымен келісілген, құрылымдық бөлімшелер басшылары ұсынған қызметтік хаттары негізінде қабылдайды. 

15. Жұмыс жоспарының өз мерзімінде және толық орындалуын МТҚБ-ның тиісті құрылымдық бөлімше басшылары іске асырады, МТҚБ-ның жұмыс жоспарына жалпы бақылауды Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады.

 

 

3. Мәжілістерді жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі

3-1. Апта сайынғы аппараттық мәжілістерді дайындау және өткізу тәртібі

 

16. МТҚБ-ның Басшысы (ол жоқ болған жағдайда оның міндеттерін атқарушы), МТҚБ-ның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін белгілеу және шешу, перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарын орындау, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметтерін тұрақты бақылауға алуды жүзеге асыру мақсатында, апта сайын – сейсенбі күні сағат 10.00-де МТҚБ-ның Басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бірінші басшыларының қатысуымен (қосымша басқа да қатысушылар шақырылуы мүмкін) мәжілістер өткізеді.

17. Мәжілісте МТҚБ-ның Басшысы, ол жоқ болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын тұлға төрағалық етеді.

18. МТҚБ Басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бірінші басшылары себепсіз мәжіліске қатыспағаны үшін жеке жауапты болады. Аталған тұлғалар болмаған жағдайда Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы мәжіліс басталғанға дейін МТҚБ-ның Басшысын хабардар ету керек.

19. Аппараттық мәжілістерді ұйымдастыру, жүргізу және хаттамаларды ресімдеу МТҚБ-ның Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына жүктеледі.

20. Мәжілісте қатысқан тұлғалар көрсетілген, талқыланған мәселелер атауы мен нысаны, талқылау барысында баяндамашы мен сөз сөйлегендер, олардың сөйлеген сөзі мазмұны, ескертулері мен қабылданған шешім көрсетілген хаттама жүргізіледі.

Төрағалық етушімен келісілген жағдайда аудио және/немесе бейнежазбалар жүргізілуі мүмкін.

21. Мәжілісте берілген тапсырмалар орындау мерзімі, орындауға жауапты тұлға көрсетілген хаттамалық шешіммен ресімделіп, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларына жіберіледі.

22. Мәжіліс хаттамасын Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы мәжіліс аяқталғаннан кейін үш күн ішінде ресімдеп, мәжілісте төрағалық еткен тұлға қол қояды.

23. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушыларға таратуды Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады. Мәжіліс хаттамалары (түпнұсқасы), сондай – ақ оған қатысты материалдар (күн тәртібі, шақырылғандар тізімі, анықтамалар, есептер, және т.б.) Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы сақталады.

24. Аппараттық мәжілістердің хаттамалық тапсырмаларын орындауды бақылау Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына жүктеледі.

25. Көрсетілген мерзімдерге сәйкес хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпаратты орындаушылар Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына ұсынады.

26. Хаттамалық шешім негізінде МТҚБ-ның бұйрықтары шығарылады, немесе қарастыруға берілген мәселені бастамашылық еткен құрылымдық бөлімше қабылдаған шешімдерді іске асыру іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітіледі және орындалуын бақылауға алады.

27. Аппараттық мәжіліс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

28. Аппараттық мәжіліс хаттамасымен жылдық іс қағаздарын жүргізу шегінде реттік нөмір беріледі.

29. Залды техникалық жабдықтауды (дыбысты күшейту, дыбысжазба, микрофонмен қамтамасыз ету) «МТҚБ-ның Инженерлік орталығы» РМК жүзеге асырады.

 

 

3-2. Тақырыптық мәжілістерді дайындау және өткізу тәртібі

 

30. МТҚБ-ның бағыттары мен құзыреттілігі бойынша құрылымдық бөлімшелерде тақырыптық мәжілістері өтеді.

31. Тақырыптық мәжілісті ұйымдастыру қарастырылып отырған мәселе сипатына қарай құзыреті бойынша МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшесінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.

32. Жауапты бөлімше күн тәртібіне сәйкес қажетті құжаттарды ресімдейді (қатысушылар тізімі, күн тәртібі, анықтама, хаттама жобасы), мәжіліске қатысушыларды алдын-ала шақыруды қамтамасыз етеді. Басшының жетекшілік ететін орынбасары аталған материалдарды келіседі, хаттамада көрсетілген мәселелер құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше басшылары хаттама жобасына қол қояды және МТҚБ-ның Басшысына 3 күнтізбелік күн бұрын ұсынады.

33. Мәжіліс қатысушыларын тіркеуді жауапты басқарма мәжіліс басталғаннан бұрын 30 минуттан кем емес уақытта, ал кеңейтілген мәжілістерде – 1 сағат бұрын тіркеу жүргізіп, 5 минут қалғанда аяқтайды.

Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының, баяндамашылар келмесе, жауапты басқарма жұмыскері қабылдау бөлмесінің жұмыскеріне немесе келмеген қатысушының басшылығына хабардар етеді, оның келмеген себебін анықтап, жауапты басқарманың басшылығына хабарлайды.

34. Хаттаманың жобасын жауапты басқарма дайындайды. Хаттаманың жобасында мәжіліске қатысты тақырыптың негізгі мәселелері көрсетіледі.

35. Мәжіліс өткізілгеннен кейін, хаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, оның мәтіні 32-тармаққа сәйкес қайта келісіледі және 3 күн ішінде МТҚБ-ның Басшысына қол қою үшін ұсынылады.

36. Қол қойылған хаттама жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған таралым парағымен Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына тапсырылады, олар орындаушыларға хаттаманы таратуды жүзеге асырады.

37. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы МТҚБ-ның Басшысы немесе бақылау жүктелген лауазымды тұлға ұзартады немесе бақылаудан алады.

 

 

3-3. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің есептерін тыңдауларын дайындау және өткізу тәртібі

 

38.МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі мен басқа да қызметін бақылауға алу тәртібінде кәсіпорындарда бекітілген кесте немесе басшылықтың шешімі бойынша тоқсандық, жарты жылдық, 9 ай мен ағымдағы қызмет бойынша жылдық қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларын тыңдау мәжілістерін өткізеді.

39. Аталған мәжілісті өткізгенге дейін ведомстволық қарасты кәсіпорындар есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпаратты дайындап МТҚБ-на жібереді. Бұдан басқа, Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру басқармасы мен Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқарма кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтерін тексеріп, кәсіпорынның басқа да қызметін тексеріп, кәсіпорындағы істердің жай-күйі мен болған бұзушылықтар туралы ақпарат дайындайды.

40. Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқарма мәжіліс өткізгенге дейін 3 күн бұрын орыс және қазақ тілдерінде бекітілген нысан бойынша күн тәртібінің жобасын құрады және шақырылған қатысушылар тізбесін қалыптастырады.

Мәжілістің күн тәртібін 1 жұмыс күн ішінде кешіктірмей, МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының басшыларына жіберіледі.

МТҚБ Басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшылары себепсіз мәжіліске қатыспағаны үшін жауапты. Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқармасы мәжіліс басталғанға дейін аталған тұлғалардың жоқ болғаны туралы МТҚБ Бастығына хабарлау керек.

41. Залды техникалық жабдықтауды (дыбысты күшейту, дыбысжазба, экранмен, слайдтарды көрсетуге дайындау, микрофонмен қамтамасыз ету) «МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда МТҚБ Басшысының тапсырмасы бойынша аудио және бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.

42. Материалдарды уақытылы мәжіліске тапсырмағаны үшін, немесе толық көлемде бермегені үшін (сапасыз әзірленген) МТҚБ Басшысы немесе оның міндеттерін орындап отырған тұлға жоспарланған мәселе қараудан алып тастау немесе басқа мерзімге қарауды ауыстыру туралы шешімді қабылдайды.

Қаралатын мәселелер құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше материалдарға талдау жүргізеді, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныс құрып, қажет болған жағдайда мәжіліс болатын 3 күнтізбелік күн бұрын материалдар бойынша анықта құрып, МТҚБ-ның Басшысы, немесе оның міндетін орындаған тұлға басқа мерзім белгілемесе қарау үшін енгізеді.

 

 

3-4. Тақырыптық мәжілістерді дайындау және өткізу тәртібі

 

43. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының, МТҚБ мен басқа да мемлекеттік органдардың тақырыптық мәжілістеріне материалдарды дайындауды МТҚБ-ның мүдделі ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен құрылымдық бөлімшелер жұмылдырылып, күн тәртібінің мәселелері құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

44. Қажет болған жағдайда жауапты басқарма мерзімдерді көрсете отырып, қажетті ақпаратты ұсыну бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарға сұраныс жолдайды.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының басқа да мемлекеттік органдардың тақырыптық мәжілістеріне материалдарды дайындау барысында жалпы жиынтықты күн тәртібіндегі мәселелер құзіретіне кіретін басқарма жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының басқа да мемлекеттік органдардың МТҚБ қызметінің жалпы мәселелері жөніндегі материалдарды мәжіліске дайындау барысында, ақпараттың жалпы жиынтығын Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады. Сонымен бірге МТҚБ –ның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындары мәжіліске 10 жұмыс күн қалғанда барлық ақпаратты ұсынады.

45. Мәжіліске материалдарды дайындау мен ұсыну барысында мына ережелерді сақтау керек:

1) құжаттарға (анықтамалар, хаттамалық шешімдер жобалары) міндетті түрде мәселені дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше мен ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшылары қол қояды;

2) құжат қарастырылған мәселелер бойынша қысқаша анализ бен істер жағдайының бағасын қамтуы тиіс, сондай-ақ жұмысты жетілдіру үшін нақты ұсыныстар болу керек;

3) құжат 14 (Times New Roman, Arial) қарпімен жазылып, 10 беттен аспауы тиіс;

4) шешім жобасы мен әр мәселе бойынша анықтаманың тақырыптары ұқсас болу керек;

5) кешенді сипаттағы мәселелерді дайындау үшін МТҚБ-ның Басшысы МТҚБ-ның қызметшілері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар мамандарын қатыстыруға құқығы бар.

 

 

4. Кіріс және шығыс хат-хабарларды ресімдеу, өткізу, қарау,

бұйрық жобаларын дайындау

 

46. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің Төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппарат басшылары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы мен оның орынбасарлары, министрліктер мен ведомстволар және басқа ұйымдар адрестеріне жіберілген қызметтік хат-хабарларға МТҚБ-ның Басшысы немесе оның орынбасарлары бөлінген міндеттеріне байланысты қол қояды.

МТҚБ-ның Басшысы жоқ болған жағдайда қызметтік хат-хабарларға оның орнына ресми түрде орын басқан тұлға қолын қояды.

47. Кіріс және шығыс хат-хабарлардың өту тәртібі, сондай-ақ ведомстволық және басқа да нормативтік құқықтық жобаларды дайындау МТҚБ-ның іс-қағаздарын жүргізу қағидаларымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

48. МТҚБ-на түскен хат-хабарларды кіргізу ағымдағы күннің сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Шығыс хат-хабарлар мен басқа да құжаттар қол қою үшін ағымдағы күннің сағат 16.00-ден кешіктірмей кіргізіледі.

МТҚБ-ның Басшысы хат-хабарды кіргізудің өзге тәртібін бекітуі мүмкін.

49. МТҚБ Басшысының орынбасарлары міндеттерінің бөлініп беруіне сәйкес МТҚБ қызметінің нақты мәселелерін қарайды, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар жұмысын үйлестіреді, олардың қызметі мен берілген тапсырмаларының орындалуын бақылауға алады.

МТҚБ Басшысының орынбасарлары МТҚБ-ның жұмыс жоспарларын, мәжіліс, бұйрық, тапсырмалары мен басқа актілердің шешімдерін дайындауды, сондай-ақ олардың белгіленген мерзімінде орындалуын қамтамасыз етеді.

МТҚБ Басшысының орынбасарлары қызметтік хат-хабарларды қарап, келісуі (қол қою) бір күннің ішінде, ал күрделі мәселелер - үш күнде жүзеге асырылады.

50. Іс қағаздарды жүргізуді және ұйымдастыруды, кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдеуді, құжаттардың қозғалысын есепке алу және бақылауды, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды мұрағатқа тапсыру және таратуды Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады.

51. МТҚБ-на жіберілген құжаттар Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының жауапты тұлғасымен сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасынан келіп түскен құжаттар, сонымен қатар мемлекеттік органдардың жедел тапсырмаларын орындау үшін дайындалған құжаттар (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін) МТҚБ-мен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады.

52. Мемлекеттік органдардан келіп түскен құжаттар қағаз және электронды тасығыштарда бірдей және белгіленген үлгіде тиісті елтаңбалы бланкте ресімделіп, мынадай міндетті деректемелерді қамтуы тиіс:

шығыс нөмірі мен күні;

Президент, Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет пен Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік орган сұранысына жауап беру кезінде – сұраныстың нөмірі мен күніне сілтеме жасау;

бірінші басшының немесе оның орынбасарының немесе жауапты хатшының қолы;

орындаушының тегі мен оның телефон нөмірі.

Бұл ретте, аса маңызды мәндегі мәселелер бойынша электронды құжаттар қағаз тасығыштарда да ресімделуі тиіс.

Осы Регламент талаптары бұзылып ресімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және (немесе) Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы сол күні Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Премьер-Министрі Кеңсесін қоспағанда тиісті мемлекеттік органға қайтарады.

Түскен хат-хабарлар күні мен уақыты көрсетіле отырып, қол қойылып қабылданады.

53. Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы осы Регламентпен белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттарды қарайды, бақылауға қояды және МТҚБ-ның басшылары арасында үлестіреді және тиісті ресімдеу, бақылау белгілерін көрсету үшін нөмірін, күнін және тіркеу мөртабанындағы парақтар санын көрсетіп, тіркейді.

54. Тіркелген және ресімделген кіріс хат-хабарлары міндеттерін бөлуіне сәйкес МТҚБ басшылығына беріледі.

Жедел хат-хабарлардың көшірмелері бір мезгілде, түскен құжаттағы мәселелер құзырына кіретін МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшесі басшысына жолданады.

55. Кіріс хат-хабарларды тіркеу, тарату, ресімдеу олардың МТҚБ-на түскеннен кейінгі екі сағат ішінде, ал жедел хат-хабарлар – кідіртпей (кезектен тыс) жүзеге асырылады.

56. МТҚБ-ның басшылығы кіріс хат-хабарларды түскен күні қарайды, ал жедел хат-хабарларды – кідіртпей қарайды. Қарау нәтижелері бойынша бұрыштама түрінде ресімделетін тиісті тапсырмалар беріледі.

Мемлекеттік органдарға арналған (оның ішінде электронды құжат нысанындағы) шығыс хат-хабарлары елтаңбалы бланкте, мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы беріледі) ресімделеді.

Заңды және жеке тұлғалардың жүгінуіне жауап келген тілде және қазақ тілінде ресімделеді.

57. МТҚБ-ның бұйрық жобаларын құрылымдық бөлімшелері немесе жекелеген лауазымды тұлғалар дайындайды және оларды мемлекеттік және орыс тілдерінде (электронды тасығышта) қарауға және келісуге мыналар енгізеді:

1) МТҚБ Басшысының осы мәселеге жетекшілік ететін бөлінген міндеттеріне сәйкес орынбасарлары;

2) Заң басқармасы (міндетті түрде);

3) Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы;

4) МТҚБ-ның басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелері.

58. Орындаушы – құрылымдық бөлімше бұйрық жобасының электронды нұсқасы келісілген кейін оны қол қою үшін МТҚБ-ның басшылығына жолдайды.

59. МТҚБ-ның басшылығы бұйрық жобасының электронды нұсқасына қол қойған кейін орындаушы – құрылымдық бөлімше қағаз нұсқасына жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға қол қойғызады.

60. Қол қойылған бұйрықты тіркеу оған индексі бар нөмір беру және ақпаратты Электронды құжат айналым бірыңғай жобасы (ЭҚАБЖ) дерекқорына енгізу жолымен жүзеге асырылады.

61. Үлестіруді талап ететін бұйрықтардың көшірмелері орындаушы анықтайтын тізілімге сәйкес қажетті мөлшерде үлестіріледі.

62. Заң басқармасы МТҚБ-ның Басшысы айқындаған тәртіппен МТҚБ-ның қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастырып жүргізеді.

Нормативтік құжаттарды әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімше Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасында тіркелгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды Тізілімге қосу үшін Заң басқармасына береді.

63. Бұйрықтары және оларға қоса тіркелген құжаттары бар істер, Істер номенклатурасына сәйкес жалпы мәселелер, жеке құрам, қызметтік іссапарлар, демалыстар бойынша Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасында сақталады.

64. Құрылымдық бөлімшелер олардың қызмет бағыттары бойынша жасалған келісімшарт жобаларын Заң басқармасына келісуге береді. Келісімшарт жобасының заңнамаға сәйкестігі тексеріліп, алынған ескертулерді әзірлеуші пысықтайды. Келісімшарттың пысықталған жобасына Заң басқармасы, Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру басқармасы, Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы басшылары және құрылымдық бөлімшелербасшылары (құзыреті бойынша), жетекшілік ететін орынбасар қол қойып, МТҚБ-ның Басшысы мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлуге сәйкес қол қоюға жіберіледі.

65. Құрылымдық бөлімшелер құқықтық сипаттағы құжаттарды Заң басқармасымен келіскеннен кейін МТҚБ-ның Басшысына қол қоюға ұсынады. Қызметтік құжаттардың дұрыс құрылып, ресімделуіне тікелей орындаушылар, құрылымдық бөлімшелер басшылары жауап береді.

 

 

5. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау,

ресімдеу және келісу тәртібі

 

66. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау мен ресімдеуді МТҚБ-ның тиісті құрылымдық бөлімшесі «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдары талаптарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау МТҚБ басшылығының тапсырмасы бойынша жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылуы мүмкін.

67. Құрылымдық бөлімше қызметкерлері МТҚБ-ның құзырына кіретін мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы бастамашылығымен сөз сөйлеуге құқылы, ол алдымен бұл туралы өзінің тікелей құрылымдық бөлімше Басшысын ескертеді, ол өз кезегінде Басшыға немесе МТҚБ Басшысының жетекшілік ететін орынбасарына баяндайды.

68. Нормативтік құқықтық актілер жобалары міндетті түрде мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, одан әрі құқықтық сараптамасын тексеру үшін – Заң басқармасымен, құқықтағы қамтылған мәліметтердің құпиялық дәрежесін дұрыс анықтауды тексеру үшін - мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі бас сарапшысымен және Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасымен - қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалығын тексеру үшін келісіледі.

69. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу тапсырылған құрылымдық бөлімшелер басшылары уақытылы, сапалы әзірлеуге және мемлекеттік органға белгіленген мерзімде, оның ішінде электронды түрде беруге дербес жауап береді.

Құрылымдық бөлімшенің нормативтік құқықтық актілер жобасын келісу мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Күрделі және көлемді жобалар бойынша қорытындыны ұсыну мерзімі МТҚБ Басшысының келісімімен ұзартылуы мүмкін.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары қарау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда ұсынылған жобаға қол қояды. Ескертулер мен ұсыныстар болса, жауап дайындалып, әзірлеушіге жіберіледі.

70. Нормативтік құқықтық акт жобасы мен оған тіркелген қосымшалардың әр парағына қол қойылады, ал ілеспе хаттарға МТҚБ-ның Басшысы (немесе оның міндетін атқарушы) қол қояды және Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарына сәйкес жобада қаралған мәселелер тұрғысынан мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.

71. Басқа мемлекеттік органдардан түскен Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Премьер - Министрдің) қаулы (өкім) жобаларын қарау және келісу олар тіркелген күннен бастап мынадай мерзімнен аспауы тиіс:

1) қаулы жобалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті мен Парламентке қарау үшін енгізілгені туралы, тиісінше Президент актілері мен заң жобалары – 10 (он) жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентімен көзделген жағдайларды қоспағанда;

2) Премьер - Министрдің өкімдерінің жобалары – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

3) табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі қаулылар мен өкімдер жобалары - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін.

72. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары немесе Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша нормативтік құқықтық актілерді қарау мен келісудің басқа мерзімдері көзделуі мүмкін.

 

 

6. Орындауды бақылау

 

73. Құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау, «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламенттің ережелері мен МТҚБ-дағы құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

74. Орындауды қажет ететiн барлық тiркелген құжаттар, оның iшiнде әр түрлi себептерге байланысты орындалмаған және орындалуы ағымдағы жылға ауыстырылған өткен жылдардың құжаттары бақылауға алынады.

75. Құжаттардың орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнiң қаралу мерзiмiн, осы құжаттарда көрсетілген мерзім болған жағдайда бақылауды Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады. Егер құжат бір ай мерзімде орындауға немесе тұрақты негіздегі бақылауға жататын болса, бақылау МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының құжатты орындаушы болып табылатын жауапты іс-жүргізушілері жүзеге асырады.

76. Бақылау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

1) қажетті ақпаратты сұратып алдыру;

2) орындау туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және оларды талқылау;

3) құжаттамалық тексеру ревизиясы мен басқа да түрлері;

4) тексеру орнына шығу;

5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа тәсілдермен.

77. Мерзімі көрсетілмеген тапсырма құжатты алғаннан кейін 30 күннен кешіктірілмей орындалуы тиіс.

78. Бақылау құжаттарын уақытылы және сапалы орындау өздеріне жіберілген құрылымдық бөлімшелер және ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бірінші басшыларына жүктеледі.

79. Бақылау құжатты мынадай тұлғалар бақылаудан алады:

- сол құжатқа қол қойған және тапсырманы (ауызша немесе жазбаша түрде) беріп, оны орындаудың бақылауын талап ететін лауазым иесі;

- немесе оның міндетін атқарушы, немесе тапсырмаға қатысты басқа тұлға.

Бақылау құжаттарын орындау бойынша құрылымдық бөлімшелерімен дайындалған құжаттар жобалары міндеттерді бөлуі бойынша Басшының орынбасарларына қол қою үшін және орындау мерзімінің аяқталуына дейін үш күн бұрын МТҚБ Басшысына енгізіледі.

80. Хаттамаларда қамтылған хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі мәжілісті өткізген күннен бастап есептеледі. Мәжілісте нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, тиісті орындаушылар (құрылымдық бөлімшелер немесе ведомстволық қарасты кәсіпорындар) мен мәжіліске қатысқан өкілдері мәжілістен кейін хаттаманы күтпестен тапсырманы шұғыл орындауға кірісулері керек.

Тапсырма бекітілген мерзімінде орындалмаған жағдайда, тапсырманың орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің немесе ведомстволық қарасты кәсіпорын басшысы жазбаша түрде оның кідіру себептері туралы және бекітілген тәртіппен орындау мерзімін ұзарту туралы қызметтік жазбасын белгіленген мерзіміне дейін бір күннен кешіктірмей ұсынуға тиіс.

Тапсырманың орындау мерзімін ұзарту МТҚБ басшылығының қолы қойылған қызметтік жазба және баянхат негізінде ғана рұқсат етіледі.

81. Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының ай сайынғы 5-ші күнінен кешіктірмей құрылымдық бөлімшелер мен МТҚБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындарына бақылау құжаттарын орындау бойынша ескертулерін жолдайды.

82. Тапсырмаларды бірнеше құрылымдық бөлімшелер немесе ведомстволық қарасты кәсіпорындар орындау барысында, орындаушылардың тізімінде бірінші болып тұрған жауапты болып табылады. Бұл ретте басқа орындаушылар жауапты тұлғаға өз ұсыныстарын белгіленген мерзімінің өтуіне дейін 1 күннен бұрын ұсыну тиіс, егер кейбір өзгерістер туындап немесе басқа тапсырма берілген жағдай болмаса.

83. Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы осы Регламент талаптарын қатаң бұзу деректері бойынша, оның ішінде бақылау құжаттарын орындау тәртібінде МТҚБ-ның Басшысына айыпты тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізе алады.

84. Президент, Үкімет, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Төрағалары мен олардың орынбасарларының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Президенттің Іс Басқарушысы мен орынбасарларының МТҚБ–ның атына берілген тапсырмаларының мерзімін сақтамай, сапасыз орындалғаны туралы деректер, сондай-ақ тапсырмалардың орындау мерзімін ауыстыруы МТҚБ Басшысында өтетін жауапты лауазымды тұлғаларды шақырумен, атқарушылық тәртіп жөніндегі мәжілісте қаралады.

 

 

7. Құрылымдық басқармалардың өзара қарым-қатынасы

 

85. МТҚБ-ның жұмысын дұрыс ұйымдастыру, оның тиімділігін көтеру, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар жұмысында қосарланушылыққа жол бермеу үшін, аталған басқарма Басшысының орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер басшылары өзара нақты қатынасты қамтамасыз етеді.

86. Құрылымдық бөлімше өзге құрылымдық бөлімшелерден осы құрылымдық бөлімше құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға құқығы бар.

87. Өзге құрылымдық бөлімшелерден ақпаратты алу үшін қызметтік жазбахат ресімделіп, сұратқан құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды.

88. Сұратқан құрылымдық бөлімше сұралған ақпаратты белгілеген мерзімде алуы тиіс (ақпаратты ұсыну мерзімі көрсетілмеген жағдайда сұранысты алғаннан кейін бес жұмыс күннің ішінде).

89. МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелері өз өкілеттігі шегінде және бекітілген жұмыс жоспары немесе басшының тапсырмасы бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындарда тексеріс жүргізуге және өз қызметінің бағыты бойынша қажетті ақпаратты алуға, жұмыста анықталған жетіспеушіліктерді жою туралы анықтамаларды дайындауға құқылы.

90. Ақпараттық алмасу, жалпы тапсырма, жұмыс жоспары мәселелерін шешу мақсатында құрылымдық бөлімшелер ведомстволық қарасты кәсіпорындарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіп, құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде олардың жұмысын үйлестіріп, бақылап отырады.

91. МТҚБ қызметкерлерінің өз арасында және ведомстволық қарасты кәсіпорындар арасында қызметтік міндеттерді орындау барысындағы қарым-қатынас тәртібі:

1) МТҚБ Басшысымен және оның орынбасарларымен қарым-қатынасты құрылымдық бөлімшелер Басшылары, ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшылары мен олардың орынбасарлары жүзеге асырады, қызметтік қажеттілік барысында құпия іс жүргізу мәселелерімен айналысатын бас сарапшысы және ағымдағы хат-хабарды қалыптастыратын Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының қызметкері жүзеге асырады;

2) МТҚБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларымен қарым-қатынасты құрылымдық бөлімшелер басшылары жүзеге асырады, кәсіпорын басшылары орынбасарларымен қарым-қатынас аталған басқарма аппаратының қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады.

 

 

8. Аппарат жұмысының тәртібі

 

92. МТҚБ 40 сағаттық жұмыс аптасы бекітілген, жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағат. Жұмыс уақытының басталуы сағат 9.00-де, демалыс пен түскі ас ішуге арналған үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, жұмыстың аяқталу уақыты сағат 18.30-да.

Барлық МТҚБ-ның жұмыскерлері жұмыс кезінде қол жетімділікті бақылау және басқару жүйесі арқылы өтетін электрондық оқитын құрылғыларын пайдалануға міндетті.

93. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мерекелік және демалыс күндер МТҚБ-ның жұмыс емес күндері болып табылады.

94. Жалпы МТҚБ-да немесе оның жекешеленген құрылымдық бөлімшелерінде одан әрі дұрыс (үздіксіз) жұмыс шұғыл түрде орындалуына байланысты, жедел және алдын-ала күтпеген жұмысты орындау үшін, МТҚБ-ның жеке қызметкерлері тартылуы ықтимал және қызмет орнына демалыс және мереке күндері міндетті түрде шығуға тиісті, оларға еңбек заңнамасына сәйкес өтемақы төленеді.

95. Мереке күндері кестеге сәйкес МТҚБ Басшысының қабылдау бөлмесінде кезекшілік ұйымдастырылады, ведомстволық қарасты кәсіпорындарында - өз кезекшілік кестесі бойынша ұйымдастырылады.

96. Қызметкерлердің жұмыста болмағаны туралы ақпаратты құрылымдық бөлімшелер басшылары күн сайын сағат 9.00-ге Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына тапсырады (еңбекке жарамсыздық парағы, іссапар, еңбек демалысы, ақысыз демалыс).

97. МТҚБ Басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен қызметкерлері МТҚБ Басшысының қабылдау бөлмесіндегі қызметкерге жұмыс орнынан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мәжілісіне, отырыстарына, кездесулеріне, сондай-ақ жеке жұмысына бару үшін қабылдау бөлмесіндегі кітапшаға белгіленуі қажет. Қабылдау бөлмесіндегі қызметкер жұмыс орнында болмағандардың жұмыстан кету уақыты (30 минуттан артық) мен жұмыста болмағандардың барлығының себептері туралы кітапшада есеп жүргізеді.

98. Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы аппарат қызметкерлері, сондай-ақ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың азаматтық қызметшілерінің еңбек және атқарушылық тәртібінің, сырт келбетін бақылауды жүзеге асырады.

99. МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелер басшыларының аппарат қызметкерлерінің, ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының МТҚБ Басшысы орынбасарымен келісілген жылсайынғы еңбек демалысына шығу немесе демалыстан қайта шақырту жөніндегі өтініштерін МТҚБ-ның Басшысына қарауға өтініштегі көрсетілген күнінен 5 жұмыс күн бұрын ұсынады.

Қызметкерлерге демалыс беру кезектілігі МТҚБ-ның Басшысы бекіткен еңбек демалысының кестесімен белгіленеді.

100. Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмысқа шығу табелдерін МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жүргізіп, қолдарын қояды және МТҚБ Басшысының жетекшілік ететін орынбасарлары бекітеді, және әр ай сайын 20-ына дейінгі мерзімде Ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы басқармасына тапсырады.

Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы ай сайын 22-сіне дейінгі мерзімде МТҚБ-ның бірыңғай табелін жасап, МТҚБ Басшысының орынбасарына бекіттіреді.

 

 

9. Жұмысқа қабылдау және босату тәртібі

 

101. МТҚБ-на мемлекеттік қызметке тұруды ресімдеу барысында азаматтар Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына мыналарды ұсынады:

1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

2) өмірбаян;

3) дипломның көшірмесі немесе мамандығы мен біліктілігін растайтын, алған білімі туралы басқа құжат;

4) жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

5) белгіленген тәртіп бойынша ресімделген еңбек кітапшасы;

6) арнайы тексеріс нәтижесінің көшірмесі (бар болған жағдайда);

7) мемлекеттік қызметшінің аттестаттау нәтижесінің көшірмесі (бар болған жағдайда);

8) мекенжайы бойынша салық органына кірісі мен мүлігі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтаманың көшірмесі;

9) әкімшілік мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау туралы құжатының көшірмесі (бар болған жағдайда);

10) 3х4 көлеміндегі 5 фотосурет.

102. МТҚБ-на жұмысқа қабылдау тиісті бұйрықпен ресімделеді. Бұйрықта штаттық кестеге сәйкес, қызметтің атауы мен қызмет орнына тұру күні көрсетілу керек.

Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы қызметкерді оның тағайындалуы туралы бұйрықпен, осы Регламентпен, еңбек жағдайы және еңбекақысымен таныстырып, қолын қойдыртып алады, оның құқығы мен міндеттері туралы түсінік береді, белгіленген үлгі бойынша МТҚБ-ның қызметтік куәлігін тапсырады.

103. МТҚБ мемлекеттік қызметті тоқтату тиісті бұйрықпен ресімделеді. Бұйрықта мемлекеттік қызметтің тоқтатылуының негіздемесі мен күні көрсетілуі тиіс.

104. МТҚБ мемлекеттік қызметті тоқтату барысында қызметкерлер Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасына мыналарды тапсырады:

1) қызметтік куәлік;

2) қарыздары жоғын растайтын, белгіленген нысандағы тексеру парағы;

3) бақылау және басқару жүйесі арқылы өтетін электрондық оқитын құрылғылар.

 

 

10. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру

 

105. МТҚБ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

106. МТҚБ-ның басшылығы азаматтарды қабылдауды бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жиілігі бір айдан кем емес жүргізеді.

107. Азаматтарды қабылдау кестелері міндетті тәртіпте келушілерді қабылдайтын басшылық құрылымы тұлғалар есімдерін және қабылдау уақытын көрсетуімен МТҚБ-ның веб-порталында орналастырылады.

108. Тіркеу қабылдауға дейінгі 1 күннен кеш емес жүргізіледі. МТҚБ басшылығының қабылдауына жазылған азаматтарды есепке алу Азаматтарды жеке қабылдауды есепке алу журналында жүргізіледі.

109. Қабылдауды орындайтын лауазымды тұлға азаматтармен қойылған сұрақтарды білікті шешуді жүзеге асыру үшін тиісті МТҚБ-ның құрылымдық бөлімшелер басшыларын тартуға мүмкіндігі бар.

110. Азаматтардың жүгінген сұрақтары мүмкінше қабылдау барысында шешіледі. Өтініш немесе шағым қабылдау барысында шешілмейтін жағдайда, олар жазбаша түрде тапсырылады және олармен жазбаша жүгінулермен сияқты жұмыс жүргізіледі.

111. Қабылдауда берілген жазбаша жүгінулер Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасында тіркеледі және заңнамаға сәйкес қарастырылады.

 

 

11. МТҚБ қызметкерінің негізгі міндеттері

 

112. Қызметкерлер:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бас бостандығы мен заңды мүддесін сақтауын және қорғауды қамтамасыз етуге;

3) қызметтік міндеттеріне сәйкес оларға ұсынылған құқықтары шегінде өкілдіктерін жүзеге асыруға;

4) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

5) заңнамада белгіленген шектеулерді өзіне қолдануға;

6) мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының ережелерін сақтауға;

7) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;

8) мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да жасырын құпия сырларды сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатудан кейінгі заңмен бекітілген уақыт ішінде де сақтау туралы жазылым беруге;

9) қызметтік міндеттерді орындау барысында азаматтардың жеке өмірі, ары мен қадіріне тиісті құпия алынатын мәліметтерді сақтауға, олардан заңда көзделмеген жағдайдан өзге ақпараттарды беруін талап етпеуге;

10) мемлекеттік меншіктің бүтіндігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтауды қамтамасыз етуге;

11) оларды тағайындауға құқығы бар лауазым иесіне тез арада мемлекеттік қызметшінің жеке мүддесі оның өкілдігімен шиеленісетін жағдайда ақпарат беруге;

12) қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен санатын арттыруға міндетті.

113. Әрбір қызметкердің лауазымдық міндеттері белгіленген тәртіп бойынша МТҚБ-ның лауазымдық нұсқаулықтарымен және құрылымдық бөлімшелер ережелерімен анықталады.

114. Осы Регламент нормаларын дұрыс орындамағаны үшін МТҚБ-ның лауазымды тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорын басшылары дербес жауап береді.

 

 

12. Қорытынды ережелер

 

115. МТҚБ-ның Регламенті МТҚБ Басшысының бұйрығымен бекітілген күнінен бастап күшіне енеді.

116. МТҚБ-ның Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар Басшының тікелей орынбасарлары немесе құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсынысы бойынша МТҚБ Басшысының қарауына енгізіледі.

117. МТҚБ Басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бірінші басшылары осы Регламентпен белгіленген тәртіп пен талаптардың қатаң орындалуына дербес жауап береді және қамтамасыз етеді.