Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын Қазақ КСР Жоғарғы КеңесіІс басқармасының1990 жылғы 7 желтоқсандағы № 1 бұйрығына сәйкес құрылды.«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 886 қаулысына сәйкес Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты мемлекеттік республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Материалдық – техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

6. Кәсіпорынның атауы:

мемлекеттік тілде:

толық - шаруашылық жүргізу құқығындағы«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

қысқа - ШЖҚ «МТҚБ ИО» РМК;

орыс тілінде:

толық - Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Инженерный центр Управления материально-технического обеспечения»;

қысқа - РГП на ПХВ «ИЦ УМТО».

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 4.

 

 

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктардағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі бар.

10. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімшелер мен өкілеттіктерді құра алады.

11. Кәсіпорынмен жасайтын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

 

 

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

12. Кәсіпорын қызметінің мәні Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы мен оның ведомстволарына жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететін саладағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан РеспубликасыныңПарламенті, тиісті саланың уәкілетті органы, басқа да тұлғалар үшін бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс, коммуникациялар, ақпараттандыружәне баспа қызметі саласындағы қызметтерді көрсету және жұмыстарды атқару болып табылады.

14. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, аппараттарының қызметтері туралы телехабарлар, бейне және фотоматериалдар (ақпараттар) шығарылымын қамтамасыз ету, фото- және бейнежабдықтарды, телестудиялық кешендерді енгізу және пайдалану;

2) фото, бейне және теледидар кызметтерін көрсету;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің жэне тиісті саланың уәкілетті органының ақпараттык жүйелері мен бағдарламалық қамтылымын әзірлеу, сүйемелдеу және дамыту;

4) Қсерверлік инфрақұрылымды, коммутациялық жабдықтарды, жергілікті-есептеу желісін, сымсыз қолжетімділікті, компьютерлік және перифериялық техниканы ұйымдастыру, сүйемелдеу және дамыту;

5) дыбыс күшейткіш жабдықтарына, сөйлеуді ілеспе аударудың көп арналы жүйесіне, аудиожазба, электрондық дауыс беру жүйесіне, ақпаратты бейне бейнелеу және компьютерлік стенографиялау жүйелеріне қызмет көрсету, оның ішінде өзге тұлғалардың мұқтажы үшін пайдалануға беру;

6) телефон және радиобайланыс құралдарын ұйымдастыру, сүйемелдеу және дамыту;

7) Қазақстан Республикасы Парламентінің жабдықтары мен ғимараттарды пайдалану жүйелерін басқаруды автоматтандыру жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешендеріне жүйелік қызмет көрсету;

8) телефон және радиобайланыс құралдарын ұйымдастыру, сүйемелдеу және дамыту;

9) Қазақстан Республикасы Парламентінің және тиісті саланың уәкілетті органының мұрағат ісін ұйымдастыру және жүргізу.

15. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

16. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. ДиректордыңКәсіпорынның менжарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға келтіреді.

 

 

4. Кәсіпорынды басқару

 

18. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы болады;

2) Қазақстан Республикасының атынан Кәсіпорынға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

3) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорын түрін айқындайды және Кәсіпорынның Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

4) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

5) Кәсіпорын мүлкін мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

6) Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

8) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

9) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

10) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін талдау жүргізеді;

11) Кәсіпорынға жұмыс істеуі мен оған басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорынның түрін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорынға берген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

6) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

9) Кәсіпорынның таза табысыныңбелгіленген бір бөлігін республикалық бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

10) Кәсіпорын директорының ұсынымы бойынша оның орынбасарлары мен бас бухгалтерді тағайындайды және қызметтен босатады;

11) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

12) Кәсіпорын директорының, оның орынбасарларының, бас бухгалтердiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн белгілейді;

13) Кәсіпорын директорының ұсынымы бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері директорларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын басқа да мәселелерді шешеді.

20. Кәсіпорынныңорганы оныңдиректоры болыптабылады.

21. Директорды тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

22. Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның директорымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақтылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын директорының жауапкершілігі айқындалады.

23. Кәсіпорын директоры Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

24. Кәсіпорынның директоры Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

25. Директор дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

26. Директор:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық жалақылардың мөлшерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

27. Кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі колданылған және Казакстан Республикасы заңнама актісімен белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды баскарушы тағайындалған жағдайларда, оны баскару бойынша барлык өкілеттіктертиісінше уақытша не банкроттыкты немесе оналтуды басқарушыға өтеді».

 

 

5. Кәсіпорынның мүлкі

 

28. Кәсіпорынның мүлкін, құнын оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

29. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, соның ішінде Кәсіпорын қызметкерлері арасында, бөлуге болмайды.

30. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

31. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

32. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

33. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорынның шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алынған мүлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

34. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

35. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

36. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 37 және 38-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

37. Осы Жарғының 35-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алып қойған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда:

- шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

- артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

38. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

39. Кәсіпорын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша:

1) филиалдарды, өкілдіктерді құруға;

2) оған тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешегіне билік етуге;

3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;

4) қарыз беруге құқылы.

40. Кәсіпорын, оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

41. Егер, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлетті орган) өзгеше белгілемесе, осы Жарғының 38 және 39-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

 

 

6. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

 

42. Кәсіпорын қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

43. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

44. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес өткізеді.

45. Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.

46. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан Кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

 

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

47. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 19 820 000 (он тоғыз миллион сегіз жүз жиырма мың) теңгені құрайды.

Жарғылық капиталы меншік иесімен (құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне толық қалыптастыруы тиіс.

 

 

8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

48. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның директоры бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

49. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

 

9. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

50. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

 

 

10. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

51. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

52 Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

11. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

53. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

54. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.

55. Кәсiпорын директорының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақылары мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.

 

 

12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

56. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

57. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

58. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

 

13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

59. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК басшылық құрамы


Директор

ӘЛИЕВ Арман Көкішұлы

Директордың бірінші орынбасары

УРАЗБАЕВ Назар Александрович

Директордың орынбасары

МЫРЗАХАНОВ Жамбулхан Советханович

Директордың орынбасары

НЫГЫМЕТОВА Гульнар Амантаевна

 
 
Бас бухгалтер

КЛЕБАНОВИЧ Людмила Михайловна
    • Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, аппараттарының қызметтері туралы телехабарлар, бейне және фотоматериалдар (ақпараттар) шығарылымын қамтамасыз ету, фото- және бейнежабдықтарды, телестудиялық кешендерді енгізу және пайдалану;
    •    
    • фото, бейне және теледидар кызметтерін көрсету;
    •    
    • Қазақстан Республикасы Парламентінің және тиісті саланың уәкілетті органының ақпараттык жүйелері мен бағдарламалық қамтылымын әзірлеу, сүйемелдеу және дамыту;
    •    
    • серверлік инфрақұрылымды, коммутациялық жабдықтарды, жергілікті-есептеу желісін, сымсыз қолжетімділікті, компьютерлік және перифериялық техниканы ұйымдастыру, сүйемелдеу және дамыту;
    •    
    • дыбыс күшейткіш жабдықтарына, сөйлеуді ілеспе аударудың көп арналы жүйесіне, аудиожазба, электрондық дауыс беру жүйесіне, ақпаратты бейне бейнелеу және компьютерлік стенографиялау жүйелеріне қызмет көрсету, оның ішінде өзге тұлғалардың мұқтажы үшін пайдалануға беру;
    •    
    • телефон және радиобайланыс құралдарын ұйымдастыру, сүйемелдеу және дамыту;
    •    
    • Қазақстан Республикасы Парламентінің жабдықтары мен ғимараттарды пайдалану жүйелерін басқаруды автоматтандыру жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешендеріне жүйелік қызмет көрсету;
    •    
    • телефон және радиобайланыс құралдарын ұйымдастыру, сүйемелдеу және дамыту;
    •    
    • Қазақстан Республикасы Парламентінің және тиісті саланың уәкілетті органының мұрағат ісін ұйымдастыру және жүргізу.
    •    

 

 

   
  1. Конгресс және конференция жүйелері жабдықтарын пайдалану (дауыс күшейту, ілеспе аударма және электрондық дауыс  беру жүйелері);
  2.    
  3. Стенографиялау;
  4.    
  5. «1С: Кәсіпорын» бағдарламасын сүйемелдеу;
  6.    
  7. Бейнеқызметтер;
  8.    
  9. Фотоқызметтер;
  10.    
  11. ДК техникалық қызмет көрсету;
  12.    
  13. Транк радиобайланыс құралдарын ұсыну.


Кәсіпорынның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 010000
Астана қаласы, Есіл өңірі, Мәңгілік ел даңғылы, 4.
 
 
Байланыс телефондары:
 
Кабылдау бөлімі:
+7 (7172)74-60-60
+7 (7172) 74-64-37 (факс)
 
Сенім телефоны: 
+7 (7172) 74-67-07
 
E-mail
 
Веб сайт

Азаматтарды және ШЖҚ-дағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" РМК қызметкерлерін 2023 жылға қабылдау кестесі

Лауазымдық тұлғаның аты-жөні Қабылдаушы тұлғаның лауазымы Қабылдау күні
1. 

Алиев

Арман Көкішұлы

Директор

 Сағат 16:00-дан бастап

әр дүйсенбі сайын

2.

Уразбаев

Назар Александрович

Директордың бірінші орынбасары

Сағат 16:00-дан бастап

әр сәрсенбі сайын

3.

Мырзаханов

Жамбұлхан Советханұлы

 Директордың орынбасары  Сағат 16:00-дан бастап

әр жұма сайын

4. Ныгыметова

Гүлнәр Амантайқызы

 Директордың орынбасары  Сағат 16:00-дан бастап

әр бейсенбі сайын