Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы

Аида Сембайқызы Балхашева

1983 жылы Алматы облысында туған.

2004 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының жүйесіндегі Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратында бастаған:

2004 - 2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы мемлекеттік сатып алу, заң және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы м.а., Астана қаласы;

2006 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы Құжаттамамен қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы Әлеуметтік - тұрмыстық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

2008 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;

2011 - 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы Ведомстволық қарасты кәсіпорындар қызметінің мониторингісі жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;

2013 – 2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы Заң басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;

2016 - 2023 жылдары - «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Заң басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;

2023 - 2024 жылдары - «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Заң басқармасының басшысы, Астана қаласы;

2024 жылғы ақпан айынан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Астана қаласы.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен наградталған.