Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып (бұдан әрі – МТҚБ) табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережелерді басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін МТҚБ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МТҚБ Басшысы бекітеді.

 

 

2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: МТҚБ қызметкерлерін басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру (кадр саясатын іске асыру).

Функциялары:

1) Басқарма қызметін жоспарлайды, МТҚБ-ға жүктелген міндеттерді сапалы және тиімді орындауға бағытталған басқарушылық қызметтерді жүзеге асырады;

2) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының қызметтік бос орнына конкурс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадр резервін құруды жүзеге асырады;

6. Міндеті: МТҚБ қызметкерлерін басқарудың біртұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметтің өтуін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін және МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдейді, жеке істерді жүргізеді, оларға қажетті жазуларды енгізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының аттестациядан өтуін ұйымдастырады;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар қызметкерлерімен біліктілігін арттыру бойынша семинарлар және тағылымдамалар өткізеді;

4) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне олардың құқықтық ережелері мен мемлекеттік қызметтен өту мәселелері бойынша кеңестер береді;

5) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін және МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының заңнамада белгіленген шектеулерді қабылдаулары туралы жазбаша түрдегі келісімдерін тіркейді және олардың сақталуын бақылауға көңіл бөледі;

6) МТҚБ мемлекеттік қызметшілерін және ведомстволық қарасты кәсіпорындар қызметкерлерінің оқуын, қайта дайындығын және тағылымдамасын ұйымдастырады;

7) Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық, орталық сараптау және кадр мәселелері бойынша өзге де комиссиялар ұйымдастырады, қызметтік тексерулер жүргізеді.

7. Міндеті: МТҚБ қызметін ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ҚР құрметті атағына ие болу, ҚР мемлекеттік наградаларымен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау мәселелері бойынша құжаттарды дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

2) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын және олардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

3) МТҚБ бұйрықтарын тіркейді, олардың орындаушыларға жетуін ұйымдастырады, олардың тиісті деңгейде ресімделуін қамтамасыз етеді;

4) МТҚБ қызметкерлерінің жыл сайынғы жеке табыс салығы бойынша салық декларацияларын уақтылы тапсыру мәселелерін бақылайды;

5) Кадрлардың дербес және статистикалық есебін, олардың құрамы мен алмасушылығына талдау өткізеді, МТҚБ қызметкерлердің еңбек кітапшаларын жүргізеді;

6) МТҚБ қызметкерлерінің және ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының куәліктерін дайындауды және беруді ұйымдастырады;

7) МТҚБ отырыстары мен аппараттық кеңестерінің өтуін, мәселелерді дайындауды және қарауды қамтамасыз етеді, хаттамаларды жүргізеді және хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылайды;

8) МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалауды ұйымдастырады;

9) Басқарма құзыреті шегінде құрылым бөлімшелері жұмысының және МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар қызметінің жағдайына тексеру жүргізеді;

10) Басқарма құзыретіне кіретін МТҚБ бұйрықтарын, нұсқауларын, баяндамаларын, аналитикалық анықтамалар жобаларын дайындауға қатысады.

8. Міндеті: МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың құжаттамасын Басқарма құзіреті шегінде әзірлеу және қолдау;

Функциялары:

1) Басқарма құзіретіне кіретін, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктер мен өзге құжаттарды (мәліметтер мен ақпараттар) МТҚБ Заң басқармасына ұсыну;

2) Басқарма құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жеткізу мерзімдері мен сапаларына бақылау орнатады;

3) шағым-талап жұмыстарын жүргізу үшін жеткізушілердің (ұйымдардың) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді бұзғаны туралы МТҚБ Заң басқармасын хабардар етеді;

9. Міндеті: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына (бұдан әрі - ҚР ПІБ), Палаталардың басшылығына, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, МТҚБ-ға сәйкес ақпаратты (есептемені) бекітілген мерзімде ұсынумен аналитикалық ақпаратты уақытылы дайындауды бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) өз құзіреті шегінде, сәйкес мемлекеттік органдарға ұсынылатын аналитикалық ақпаратты дайындау бойынша МТҚБ құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын бақылайды;

10. Міндеті: МТҚБ-да корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) МТҚБ-дағы кәсіби бейімдеу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады;

2) МТҚБ қызметшілерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, МТҚБ Басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) МТҚБ-дағы еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек режимі мен тәртібінің сақталуын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке келуіне байланысты шектеулерді қамтамасыз етеді.

4) МТҚБ сайтына материалдар қосу, ақпараттың өзектілігін сақтау және ҚР ПІБ сайтына материалдар ұсыну.

11. Міндеті: мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен (Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдердерді қоғамдық-саяси жұмысты дамыту жөніндегі комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және т.б.) кадр саясаты, құжаттау, мемлекеттік тіл, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Басқарма қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді (келісу, хат алмасу, сұраныстар);

12. Міндеті: МТҚБ басшылығының құжаттары мен тапсырмаларын уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) МТҚБ басшылығының тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

2) атқарушылық тәртіп жағдайын талдайды және МТҚБ басшылығына тиісті ақпаратты енгізеді;

13. Міндеті: құжаттармен жұмыс формалары мен тәсілдерін жетілдіру, МТҚБ-ның электрондық құжат айналымының жүйесі мен мұрағатын дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) МТҚБ қызметінің ішкі тәртібін реттейтін құжаттарды әзірлейді, МТҚБ басшылығы арасында міндеттерді бөлу, ағымдағы іс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді, құжат айналымына талдау жүргізеді;

2) жиынтық іс номенклатурасын құрады, белгіленген тәртіппен ведомстволық мұрағатқа тапсырылғанға дейін істердің оперативті сақталуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

3) МТҚБ құжаттарының ағымдағы мұрағаттық сақталуын ұйымдастырады, практикалық пайдаланылуы мен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сақтауға өткізуді жүргізеді.

14. Міндеті: қызметтік құжаттарды, азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін жедел қарастыруды ұйымдастырады;

Функциялары:

1) құжаттардың бастапқы өңделуін, алдын ала қаралуын, тіркелуін, есебін, сақталуын, жеткізілуі мен таратылуын жүзеге асырады;

2) азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарастыруды ұйымдастырады;

15. Міндеті: МТҚБ Ресми іс-шаралар басқармасымен бірлесіп МТҚБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары арасында спорттық-сауықтыру іс-шараларды ұйымдастырады.

Функциялары:

1) спорттық қызметтер көрсету бойынша спорттық кешендермен келісімшарт жасасу бойынша ұйымдастыру және бақылау;

2) спорттық іс-шараларды спорттық құралдармен қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру және бақылау;

3) МТҚБ және басқа ұйымдар арасында спартакиадалар, турнирлер өткізу бойынша ұйымдастыру және бақылау.

16. Басқарманың құқықтары мен міндеттері

1) МТҚБ-ның тиісті құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ, ведомстволық қарасты кәсіпорындардан Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) МТҚБ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындары басшыларынан қабылдау, ауыстыру, демалыс беру, ынталандыру, жаза қолдану, іссапарға жіберу, қол астындағы жұмысшыларды жұмыстан босату туралы белгіленген қағидаларын орындауды талап ету;

3) МТҚБ құрылымдық бөлімшелер және ведомстволық қарасты кәсіпорындардағы еңбек тәртібіне, құжаттаманы ұйымдастыруға және құжаттамаға басшылық етуге тексеру жүргізу және шара қолдану үшін МТҚБ басшылығына тексеру нәтижелерін жеткізу;

4) МТҚБ басшылығына ішкі еңбек тәртібінің бекітілген ережелерін бұзған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу;

5) МТҚБ құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының құжаттармен жұмыс жүргізу туралы бекітілген ережелерді орындауын қадағалау және талап ету;

6) МТҚБ Регламенті мен Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық қағидаларының талаптары бұзылып, жіберілген құжаттарды адрес иелері мен орындаушыларға қайтару;

7) МТҚБ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметіндегі кемшіліктерді жою және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша МТҚБ басшылығына ұсыныстар енгізу;

8) МТҚБ құрылымдық бөлімшелері құжаттарының мұрағаттық сақтау талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

9) еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтауға, сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген негізгі міндеттерді орындау.

 

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

17. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

18. Басқарманы қызметке МТҚБ Басшысымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

19. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

20. Басқарма басшысы МТҚБ басшылығына осы Басқарманың штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

21. Осы мақсатта, Басқарма басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) міндеттерді Басқарма қызметкерлері арасында бөліп береді және МТҚБ Басшысы немесе оның орнын басатын тұлға тапсырмаларының және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алады;

2) Басқарма қызметкерлерін тағайындауға, жұмыстан босатуға, ынталандыру және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді.

3) іс қағаздардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді, МТҚБ басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

22. Басқарма басшысы болмаған кезде оның міндеттерін МТҚБ Басшысының келісімі бойынша бас сарапшы атқарады.

23. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастырушы тұлға қол қояды.