Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

Ресми іс-шаралар басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ресми іс-шаралар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бұдан әрі – МТҚБ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін МТҚБ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МТҚБ басшылығы бекітеді.

 

 

2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми іс-шараларына (бұдан әрі - іс-шаралар) қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Өзінің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарымен, МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен іс-шараларды қызметтеу мәселелері бойынша әрекеттесуге;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті Палатарлары Төрағаларына арналған литерлік рейстерді ұйымдастыру;

3) Астана және Алматы қалалары әуежайларының «VIP» залдарында іс-шара қатысушылары мен лауазымдық тұлағаларға қызмет көрсетілуді ұйымдастыру;

4) көліктік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

5) іс-шаралар қатысушыларын қонақүйлерге орналастыруды ұйымдастыру;

6) іс-шаралар өткізу уақытында тамақтандыруды ұйымдастыру;

7) Парламент Палаталарының басшылығын және іс-шараларды кәдесый-сыйлық өнімдерімен қамтамасыз ету;

8) Парламент Палаталарының басшылығын және іс-шараларды гүл өнімдерімен қамтамасыз ету;

9) концерттерді және іс-шараларды музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

10) іс-шаралар қатысушылардың мәдениет нысандарына баруын ұйымдастыру;

11) іс-шараларда сөзбе-сөз және ілеспелі аударманы ұйымдастыруды, сондай-ақ іс-шаралар бойынша материалдардың жазбаша аудармасымен қамтамасыз ету;

12) іс-шаралар өтетін жерлерді дайындауды ұйымдастыру (залдарды, материалдық-техникалық жабдықтама, баспа өнімі және басқа);

13) іш-шараларды қызмет көрсету бойынша МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметін үйлестіру.

6. Міндеті: Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді сапалы және тиімді орындау.

Функциялары:

1) жыл ішінде іс-шаралар бойынша шығындар сметаларын дайындайды және оларды орындау бойынша есептемелерді құрады;

2) жетекшілік ететін мәселелер мен оларға қажетті материалдар бойынша кеңестерді дайындайды;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Басқарма уәкілеттігі аясында қызмет (жұмыс) көрсету және тауар жеткізу туралы келісімшарттарды әзірлейді және жасасады;

4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МТҚБ бұйрықтарын, нұсқауларын, баяндамаларын, аналитикалық анықтамалар жобаларын дайындауға қатысады;

5) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарын темір жол көліктерінің брондалған орындарымен қамтамасыз етеді;

6) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларының қабылдау бөлмелерін және отырыс залдары маңындағы ВИП-бөлмелерін өнімдермен қамтамасыз етілуін бақылайды;

7) Парламенттің отырыс залдарын минералды сумен қамтамасыз етілуін бақылайды;

8) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, аппараттарының қызметкерлері үшін спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады;

9) құжаттама есебі мен сақталуын жүзеге асыру, оны МТҚБ мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі жай-күйі мен сақталғандығын бақылау;

10) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер, бұйрықтар, баяндамалар, аналитикалық анықтамалар жобаларын дайындауға қатысады;

11) өз қызметі аясында сәйкес мемлекеттік органдарға ұсынылатын аналитикалық ақпаратты дайындайды;

12) заңнамаға сәйкес өзге функцияларды жүзеге асырады.

7. Міндеті: МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың құжаттамасын Басқарма құзіреті шегінде әзірлеу және қолдау.

Функциялары:

1) Басқарма құзіретіне кіретін, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктер мен өзге құжаттарды (мәліметтер мен ақпараттар) МТҚБ Заң басқармасына ұсыну;

2) Басқарма құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жеткізу мерзімдері мен сапаларына бақылау орнатады;

3) шағым-талап жұмыстарын жүргізу үшін жеткізушілердің (ұйымдардың) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді бұзғаны туралы МТҚБ Заң басқармасын хабардар етеді;

8. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) МТҚБ-ның тиісті құрылымдық бөлімшелерінен, МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарынан және басқа ұйымдардан Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) МТҚБ Басшылығына Басқарма құзыретіне кіретін қаржы мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін енгізу;

3) МТҚБ басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындап, жұмыстың ағымдағы және келешек жоспарларын іске асыру;

4) Басқармаға берілген құқықтары шегінде өз өкілеттігін жүзеге асыру.

 

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

9. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Басқарманы қызметке МТҚБ Басшысымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

11. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

12. Басқарма басшысы МТҚБ басшылығына осы Басқарманың штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Басқарма басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) міндеттерді Басқарма қызметкерлері арасында бөліп береді және МТҚБ Басшысы және / немесе оның орынбасарлары тапсырмаларының және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алады;

2) Басқарма қызметкерлерін тағайындауға, жұмыстан босатуға, ынталандыру және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді.

3) іс қағаздардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді;

4) МТҚБ басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Басқарма басшысы болмаған кезде оның міндеттерін МТҚБ Басшысының келісімі бойынша бас сарапшы атқарады.

15. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастырушы тұлға қол қояды.