Бахтияр Қабыкенұлы Оралов.

1986 жылы 7 наурызда Целиноград облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген.

2006 жылы Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетін Халықаралық құқық бакалаврі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК заң жұмыстарымен айналысатын бөлімінің заң кеңесшісі болып бастаған.

2008 жылы - «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК заң жұмысы бөлімі бастығының орынбасары.

2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік сатып алу басқармасының  сарапшысы, бас сарапшысы.

2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Заң бөлімінің сарапшысы.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Ішкі әкімшіліктендіру департаментінің Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2013-2014 жылдары – «Астана қонақ үйі» АҚ мемлекеттік сатып алу қызметінің бас маманы, басшысы, мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі.

2015-2016 жылдары – «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы» ММ Заң басқармасының бас сарапшысы.

2016 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін - «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы» ММ Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы.

 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс

жөніндегі басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бұдан әрі – МТҚБ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін МТҚБ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МТҚБ басшылығы бекітеді.

 

 

2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының ҚР ПІБ Перспективалық жоспарының перспективалық және ағымдағы іс-шараларының уақытылы жасалуы мен орындалуы бойынша жұмыстарды үлестіреді;

Функциялары:

1) МТҚБ ведомстволық бағынысты кәсіпорындарымен ҚР ПІБ Перспективалық жоспарымен бекітілген өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуді үйлестіру;

6. Міндеті: ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру;

Функциялары:

1) депутаттардың, ҚР Парламент Палаталары аппараттарының және МТҚБ қызметін тиісінше қамтамасыз ету үшін байланыс, коммуникациялар және ақпараттандыру аясындағы жұмыстар мен қызметтерді үйлестіреді.

2) өкілетті органдарға тапсыру үшін ақпараттандыру мәселелері бойынша ақпаратты уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

3) материалдық-техникалық негізді жаңғырту бойынша ұсыныстарды енгізу.

7. Міндеті: МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың құжаттамасын Басқарма құзыреті шегінде әзірлеу және қолдау;

Функциялары:

1) Басқарма құзіретіне кіретін, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктер мен өзге құжаттарды (мәліметтер мен ақпараттар) МТҚБ Заң басқармасына ұсыну;

2) Басқарма құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жеткізу мерзімдері мен сапаларына бақылау орнатады;

3) шағым-талап жұмыстарын жүргізу үшін жеткізушілердің (ұйымдардың) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді бұзғаны туралы МТҚБ Заң басқармасын хабардар етеді;

8. Міндеті: қызмет көрсетілетін тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Функциялары:

1) көлікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыстарды жоспарлайды және үйлестіреді;

2) Мына мәселелер бойынша үйлестіруді, мониторингті және анализді жүзеге асырады:

- депутаттарды, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының және МТҚБ қызметкерлерін көлікпен қамтамасыз ету және қызмет көрсету;

- автокөлік құралдарының техникалық жағдайы, қызмет көрсетілуі, жөнделуі және жаңартылуы;

- автокөлік құралдарының мақсатты пайдаланылуы, автокөліктің жолаққа шығуы, мемлекеттік тіркелу номерлерінің бекітілуі, берілуі, ресімделуі, жасалуы және одан айыру;

- жүргізушілер мен автомашиналарды жөндеу бойынша мамандардың біліктілігі;

3) тарифтерді қалыптастыру кезінде жанар-жағармай материалдарын шығындау нормалары жөніндегі ақпаратты ұсыну;

4) көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жақсарту бойынша материалдық-техникалық базаны жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды енгізу.

9. Міндеті: Қызметтік пәтерлерде тұратын депутаттар, Парламент Палаталары аппараттары және МТҚБ, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлеріне тиісінше тұрмыстық жағдай жасау бойынша, сонымен қатар, әкімшілік ғимараттарда қызмет көрсетілетін тұлғалардың еңбек қызметіне сәйкес жағдай жасау бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

Функциялары:

1) әкімшілік ғимараттар мен қызметтік тұрғын үйлердің материалдық техникалық жабдықталуын үйлестіру;

2) (сапасы, техникалық параметрлері бойынша) талаптар мен стандартарға сәйкес материалдық құндылықтарды жеткізу шарттарын келісуге және келісімшарттарды жасауға қатысу;

3) өтінімдерді орындау мен апаттарды болдырмауды уақытылы қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;

4) Қазақстан Республикасы Парламенті баспаханалық базасын дамытуды және баспа өнімдерін дайындауды үйлестіру;

5) тұрғын үй қорын тиісті түрде пайдалануды бақылау;

6) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МТҚБ бұйрықтары, есептемелері, баяндамалары, аналитикалық анықтамалар мен басқа да ақпаратты дайындауға қатысады.

10. Міндеті: депутаттар мен Парламент Палаталары аппараттары қызметкерлеріне арналған асханалар мен дәмханалар қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Функциялары:

1) депутаттар мен Парламент Палаталары аппараттары қызметкерлеріне арналған асханалар мен дәмханалар қызметінің жалпы ұйымдастырылуын үйлестіру.

2) дайын өнімнің сапасы, сұрыпталымы, қызмет көрсету деңгейі, аспазшылардың біліктілігін арттыруға мониторинг жүргізу.

3) қызмет көрсетілетін тұлғалар арасында дайын өнімнің сапасы, қызмет көрсету деңгейі, дайын өнімнің сұрыпталымы және құны бойынша сауалнама жүргізу;

4) қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

11. Міндеті: МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының өндірістік мәселелерін жалпы үйлестіру

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы теңгеріміндегі объектілерді пайдалану бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындардың жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ оларға тіркелген орынжайларды, жабдықтаманы және өзге мүлікті, сонымен қатар іргелес аумақты тиісінше жай-күйде күтіп ұстау;

2) депутаттар, Парламент Палаталары аппараттары және МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен келтірілетін әкімшілік шығындардың (байланыс қызметтері, кеңсе қағазы, көлік) жеке түрлері бойынша шығындар анализдерін жүргізу;

3) Басқарма құзыреті шегінде өндірістік көрсеткіштер бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою;

4) (МТҚБ басшылығымен келісе отырып) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың есептік кезең бойынша орындаған жұмысы туралы ақпаратты тыңдау;

5) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың өндірістік қызметі жөніндегі аналитикалық және анықтамалық материалдарды дайындау;

6) құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып ведомстволық қарасты кәсіпорындармен өндірілетін қызметтер мен жұмыстарға қойылатын тарифтерді келісімдеуді жүзеге асыру.

7) Ведомстволық қарасты кәсіпорындарың пайдаланылмайтын негізгі қаражатын анықтау бойынша жұмысты жүргізу.

8) МТҚБ басшылығының тапсырмасы бойынша МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарды кешенді, тақырыптық тексеруге қатысу;

9) Басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындардың ұсыныстарын уақытылы қарастыру;

10) Басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

11) Жетекшілік ететін мәселелер мен оларға қажетті материалдар бойынша кеңестерге дайындықты жүзеге асырады.

12) өзге міндеттерді атқару.

12. Басқарманың құқықтары мен міндеттері

1) өз қызметін жүзеге асыру үшін МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардан қажетті құжаттарды, анықтамаларды, қаржы-экономикалық есептерді, материалдар мен басқа да ақпараттарды сұрату;

2) сапасыз ұсынылған материалды жетілдіруге жолдау, сонымен қатар МТҚБ басшылығын ақпараттандыру;

2) МТҚБ құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу, қажетті ақпаратты (құжаттарды) сұрату және алу;

3) МТҚБ басшылығының келісімімен ақпараттық-аналитикалық материалдарды, құжаттар мен басқа да мәліметтерді дайындау, Басқарма өткізетін іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстарды орындау үшін МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмылдыру;

4) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардағы мемлекеттік мүліктің сақталуы мен пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу;

5) Басқарма міндеттерін орындауды, оның қызметін ұйымдастыру бойынша МТҚБ басшылығына ұсыныстармен жүгіну және осы ұсыныстарды қарау туралы ақпаратты алу;

7) МТҚБ басшылығының тапсырмаларын сапалы орындап, жұмыстың ағымдағы және келешек жоспарларын іске асыру;

8) өзіне берілген құқықтар шегінде өз өкілеттігін жүзеге асыру;

9) Басқарма қызметкерлері еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтауға, сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген негізгі міндеттерді орындауы тиіс.

 

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

13. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

14. Басқарманы қызметке МТҚБ Басшысымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

15. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

16. Басқарма басшысы МТҚБ басшылығына осы Басқарманың штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

17. Басқарма басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) міндеттерді Басқарма қызметкерлері арасында бөліп береді және МТҚБ Басшысы және / немесе оның орынбасарлары тапсырмаларының және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алады;

2) Басқарма қызметкерлерін тағайындауға, жұмыстан босатуға, ынталандыру және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді.

3) іс қағаздардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді;

4) МТҚБ басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. Басқарма басшысы болмаған кезде оның міндеттерін МТҚБ Басшысының келісімі бойынша бас сарапшы атқарады.

19. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастырушы тұлға қол қояды.

Артқа қайту