«МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

 
 

Светлана Александровна КУЧЕРОВА

1978 жылы туған.

2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы, 2016 жылы - «КАЗГЮУ Университеті» АҚ «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қаржы саласында үлкен тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің аға маманы болып бастады.

2000 - 2023 жылдары қаржы және экономика мен бюджеттік жоспарлау министрліктерінде бас маманнан бастап департаменттің директорына дейінгі әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

Әр жылдары қарастырылатын негізгі мәселелер шеңберіне мемлекеттік қаржыны талдау мен статистика; күш құрылымдарының, құқықтық жүйенің, мемлекеттік органдардың бюджетін үйлестіру және жоспарлау; халықаралық ұйымдардың бюджетін жоспарлау мен атқару; республикалық бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің жұмысын үйлестіру мен республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру; мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын органдар жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру; көрсетілген бағыттар бойынша нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттар мен құжаттардың жобаларын әзірлеу кірген.

2014 – 2017 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссиясының қаржы департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Жұмыс кезеңінде ұйымның бюджетін қалыптастыру, оны ЕЭО мүше мемлекеттерімен келісу, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және қаржы сұрақтары бойынша ЕЭО шешімдерінің жобаларын әзірлеу сұрақтарымен айналысқан.

2023 жылғы 17 сәуірден бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» және «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгілерімен, сондай-ақ «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен наградталған.