Сергей Евгеньевич КОМПАНИЕЦ

1986 жылы Ақмола облысы Тассуат ауылында туған.

2009 жылы Астана қаласындағы Басқару институтын (есептеуіш техникалар және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавры); 2011 жылы Шымкент қаласындағы Академиялық инновациялық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры) тәмамдаған. 2016 жылы АҚШ-тағы Джордж Вашингтон Университетінің бизнес мектебін үздік аяқтаған (ақпараттық жүйелер технологиясы және басқару саласының магистрі).

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, әрі «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылады.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» ММ-де техник болып бастады.

Әр жылдары «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның Ақпараттық қамтамасыз ету, мониторинг және бағалау департаментінің директоры, Шымкент қаласы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, «ӘКК «Shymkent» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» РМҚК директорының орынбасары, «AMANAT» партиясының Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

2024 жылғы 26 ақпаннан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.