«МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ-НІҢ БАСШЫСЫ

Әлихан Қайыргелдіұлы ЖАМСАТОВ

1983 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Құдайкөл ауылында туған.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша; 2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құрылыс» мамандығы бойынша; 2014 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Энергоцентр» АҚ заң кеңесшісі болып бастады, Павлодар қ.

2005-2006 – Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімі аппараты бас маманының м.а., бас маманы, заңгері, Ақсу қ.

2006-2008 – Павлодар облысы Қаржы департаментінің бас маманы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті бөлімінің бастығы, Павлодар қ.

2008 - «Group of Financial Analytics» ЖШС директорының орынбасары, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облысы бойынша менеджері, Семей қ.

2008-2012 – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы бас экспертінің м.а., бас эксперті, басқарма басшысы.

2012-2014 – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.

2014-2015 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары.

2015-2019 - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы («Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ) басшысының орынбасары.

2019-2022 – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы сәуірден бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен наградталған.