02.10.2021

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

Жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Аталған мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 45 сессиясында мақұлданған.

Бұл күні Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұжымы дәстүрлі түрде өз зейнеткер-әріптестерін назардан тыс қалдырмады.

Ардагерлерге мерекелік азық-түлік қоржындары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Науқанның мақсаты жастарға ұрпақтар арасындағы байланысты көрсету болып табылады.

Үлкенді құрметтеу – жастардың басты міндеті мен парызы.