14.12.2021

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиналысты ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары – Айбек Дәдебаев ашты. 

Өз сөзінде тәуелсіздік жылдары қолжеткен жалпы жетістіктер мен елдің қайта құрылуын айта өтті. Әр қызметкерге денсаулық пен амандық тіледі. 

Сондай-ақ, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Басшысы Талғат Жақан ұжымға егемен даму жолында жасампаз еңбек пен салмақты салымы үшін өзінің шын ризашылығын білдірді. 

Салтанатты жиналыс барысында  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен МТҚБ аппараты мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды. 

Сонымен қатар, Президент Іс Басқармасы және ҚР Парламенті Палаталары басшылықтарының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.