04.06.2022

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындары арасында шахматтан өткен турнир

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері үшін сенбі таңы қызу болды.

Елордада өткен шахмат турнирінде 12 команда өз кәсіпорындарының намысын қорғады. 11 турдың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: ҚР ПІБ Автошаруашылығының ойыншылары үшінші орын, екінші орын – «Бурабай» МҰТП қызметкерлері, бірінші орын - ҚР ПІБ командасы. «Мен мұнда әуесқойлар жиналғанына қарамастан, ойыншылардың сенімділігіне, олардың дайындығы мен тәжірибесіне таң қалып отырмын. Турнир бойы жоғары динамика байқалды, сырттан ойын әбден машықталған деп ойлауға болады. 

Шындығында, күш-жігерің әр тур сайын артады. Турнирде айналма жүйе қолданылды, бұл спорттық жарыстардағы жүйе, ол жерде турнирдің әр қатысушысы барлығымен ойнап шығады. Күрес оңай өткен жоқ, мен жүлдегерлерді атап өткім келеді. Алайда, әр команда табандылық пен ұмтылыс үшін жоғары балға лайық әрине», - деді өз сөзінде  жарыстың бас төрешісі, FIDE төрешісі  -  Павел Юрков. 11-ші соңғы турда көшбасшылардың тағдыры шешілді. 

Төрешілердің айтуынша, Автошаруашылық командасы қарсыластарын өз күштеріне сенім артып, 1 орынға таласты. Алайда шешуші ойында бұл команда МТҚБ командасына жол берді, осылайша көшбасшылар тізімінде үшінші орынға түсті. 

 МТҚБ командасынан: "Әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК директорының орынбасары Ертас Нұрболат, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды пайдалану қызметінің слесарі Еркінбек Бағзый, «Парламентаризм институтының» РМК-ның қаржы, салық заңнамасы және кедендік реттеу туралы заңнама бөлімінің бас маманы Мәди Шәкенов қатысты.

 Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!