15.07.2022

Құрбан Айт мерекесіне қайырымдылық көмек

Құрбан Айт мерекесіне орай ӘҒД қаражат бөліп, кәсіпорынның мұқтаж қызметкерлеріне көмек көрсетілді.

Әрбір отбасы  қасиетті Құрбан айт мерекесін жақындарының ортасында өткізе алатындай етіп, мерекелік дастарханға түрлі азық-түлік пен тәтті-дәмділерден тұратын 24 азық-түлік себеті қалыптастырылды.

Азық-түлік себеттері жұмысшылардың отбасыларына жеткізілді

Көмек көрсету үшін қаражат кәсіпорынның коммерциялық қызметі есебінен бөлінді.